Ғылым жаңалықтарына шолу. Әлемде алғаш рет эмбрионның генетикалық кемістігі жойылды

Бүгінгі шолуда: Әлемде алғаш рет адам эмбрионына химиялық операция жасалды. Жасы келген адам ағзасының салмақ қосуға бейімділік себебі белгілі болды. Ми ұйқы кезінде де жаңа ақпарат қабылдай алады. Сүт безі рагын анықтаудың жаңа әдісі табылды.

Егемен Қазақстан
30.10.2017 5537

ДНҚ коррекциясы арқылы эмбрион кемістігі жойылды

Ғалымдар генетикалық ауруды жою үшін алғаш рет адам эмбрионына химиялық операция жасады. Зерттеу туралы мақала Protein and Cell ғылыми журналында жарияланды.

Сунь Ятсен университетінің ғалымдары үш миллиард белгіден тұратын генетикалық кодтағы қателікті түзеді. Олар ДНҚ-сында мутация бар зертханада өсірілген эмбрионға операция жасады. Ғалымдар жаңа технология басқа да генетикалық ауруларды емдеуге сеп болады деп болжап отыр.

Генетикалық кодтағы бір ғана өзгеріс адам өміріне аса қауіпті қан ауруы – бета-талассемияға әкеледі. Қытай ғалымдары ДНҚ-ны сканерлеп, қателікті тауып, кемістікті түзеді.

«Біз бірінші болып эмбрионның генетикалық ауруын емдедік. Зерттеу бета-талассемия ғана емес, басқа да генетикалық ауруларды емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашудың алғышарты болады. Бұл әдіс балаларды тұқым қуалайтын аурулардан емдеуге де көмектесе алады», дейді ғалымдар.

Гарвард университетінің профессоры Дэвид Лиу қытай ғалымдарының еңбегін химиялық хирургияға жатқызды. Оның айтуынша, бұл әдістің жанама әсері өте аз және технологиясының нақтылығы жоғары..

Жасы келген адамның салмақ қосуға бейімділігіне не әсер етеді? 

Қартайғанда адамның тез салмақ қосатынын байқауға болады. Тіпті, жас кезінде арық болса да, уақыт өте келе ол қалпынан айырылуы да мүмкін. Сонымен қатар қарттарға арықтау қиынға соғып жатады. Оның себебін анықтауға тырысқан ғалымдардың мақаласы Nature ғылыми журналында жарияланды.

Йель университеті ғалымдарының айтуынша, уақыт өте келе адам ағзасының толықтыққа бейім болу себебі иммунитеттің төмендеуіне байланысты болады.

Мақалада имун клеткалары адамдардың барлығында болатыны, ал майдағы макрофаг атты клеткалар инфекцияға жауап беретіні айтылған. Ғалымдар зерттеу арқылы адам қартая бастағанда артық май туралы дабыл қағатын клеткалар уақыт өте жұмысын бәсеңдететінін анықтады.

Ғалымдар алдымен жүйке жүйесінің май клеткаларымен ақпарат алмасатыны туралы зерттеген. Яғни, май қабатындағы гормон мидағы гипоталамусқа әсер еткен соң май клеткаларына артық липидтерді жою туралы команда беріледі. Ал мактрофагтар май қабаты мен нейрондар арасындағы байланысты нашарлатады. Мақалада айтылғандай, иммун клеткалары адам қартайғанда миға артық майды жою туралы сигнал беретін нейромедиаторларды жояды.

Мақала соңында авторлар иммунитет жастық шақта майды жоя алмаса да, уақыт өте келе арықтауға кедергі жасауы мүмкін екенін айтады.

Ұйықтап жатып та жаңа ақпарат қабылдауға болады

Ұйықтап жатқан кезде ми тек ескіні есте сақтап қана қоймайды, сонымен қатар жаңа ақпаратты да қабылдай алады. Бұл туралы ғалымдар зерттеуі Nature Communications журналында жарияланды.

Ұйқы кезінде есте сақтау қабілеті жақсаратыны, есте сақтау қабілеті қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімді түрге өтетіні белгілі. Жақында нейробиологтар жаңа зерттеу барысында ұйқы кезінде ми жаңа ақпаратты қабылдай алатынын дәлелдеді.

Бұған дейін Томас Андриллон мен оның әріптестері ұйқыптап жатқанда ми музыканы еститінін, ұйқының әр деңгейінде әртүрлі қабылдайтынын анықтаған болатын. Енді ғалымдар ұйқы кезінде естіген нәрсе ұзаққа сақталуы мүмкін бе, соны анықтауға тырысты.

Тәжірибе барысында ұйқыдағы адамдарға белгілі бір уақыттан соң пайда болатын дыбыстары бар үнтаспа қойып, ұйықтап жатқан адамдарды электроэнцефалография арқылы бақылаған. Зерттеушілер анықтағандай, REM-ұйқы кезінде естіген нәрсе адам есінде қалатын болып шықты. Авторлардың айтуынша, осы деңгейде мида жаңа ақпаратты қабылдау кезінде болатын толқындар байқалған.

Сүт безі рагын анықтаудың жаңа әдісі табылды

Манчестер университетінің зерттеушілері сүт безі рагының пайда болу қаупін дұрыс анықтау мастэктомияның алдын алуға септігін тигізеді деп есептейді. Олардың айтуынша, қан мен сілекей талдауы арқылы сүт безі рагының пайда болуына әсер ететін 18 генетикалық вариацияны анықтауға болады. Ғалымдар бұл тест аталған аурудың диагностикасында үлкен жетістік болады дейді. 

Алдымен Манчестердегі Сент Мэри және Уизеншоу ауруханаларында отбасында сүт безі рагымен ауырған жақындары бар әйелдер BRCA1 және BRCA2 генінің мутациясына анализ тапсырады. Аталған тест бойынша зерттеуді басқаратын профессор Гарет Эванстың айтуынша, BRCA генінде мутация бар әйелдерде сүт безі рагының қаупі 30% - 90%-ды құрайды.

Тест нәтижесінде ғалымдар сүт безінің жағдайын, неше жаста балалы болғанын ескере отырып алдағы 10 жылға рактың пайда болу мүмкіндігін нақты айта алады.

Бұрын тек генде мутация арқылы ғана рактың қаупі анықталып, әйелдер алдын ала шешім қабылдап жататын. Ал жаңа әдіс енді нақты шешім қабылдауға көмектеспек.

Мақала авторлары аталған тест көпшілікке қолжетімді болғанын қалайтынын жазыпты. Ал зерттеу жасауға Кембридж университетінің ғалымдары, АҚШ, Австралия мен Европа зерттеушілері қатысып, 60 мың әйелдің анализіне талдау жасаған. Алдағы екі жылда тест жетілдіріліп, сүт безі рагына әсер ететін 300 генетикалық вариацияны анықтау жоспарлануда.

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу