Жекпе-жек • 31 Қазан, 2017

Киокушинкай-кан каратэден көкшатаулықтар топ жарды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында өткен киокушинкай-кан каратэ бойынша Қазақстан чемпионатында көкшетаулық спортшылар сегіз алтын, бір күміс және үш қола медальға қол жеткізді. Осылайша көкшетаулықтар жалпы саны 12 медаль иемденді. 

Киокушинкай-кан каратэден көкшатаулықтар топ жарды

Әрине, Алматыда өткен Қазақ­стан чемпионатында киокушинкай-кан каратэ бойынша сайыс тартысты өтті. Аталған сайыс бағдарламасына екі ереже – Ката және Кумитэ енгізілген. Еліміздің барлық өңі­рінен жиналған спортшылардың саны 300-ге жетті. Татамида бақ сынасқан спортшылардың қай-қайсы да осал еместігін дәлелдеп бақты. Ақмола облысынан 22 спортшы қатысқандығын айта ке­тейік. Ката бойынша тайталасқан жекпе-жекте ерлер арасындағы 14-15 жастағы «жеткіншектер» санатында Игорь Васин ешкімге дес бермей, бірінші орыннан табылса, сол сияқты 16-17 жастағылар арасында Асхат Галеев пен Біржан Қайрат та биік тұғырдан табылды. Ал қыздар арасында күміс медальға Әлемгүл Сабырхан ие болды. Жеңімпаздар қатарында Мадиярбек Ұзақбай (12-13 жастағы жеткіншектер) мен Әділ Қарабаев та (14-15 жастағы жеткіншектер) бар. Реті келгенде кумитэ сайысы бойынша Асхат Галеев (60 кг-ға дейінгі 16-17 жастағы), Нарқыз Ұзақбаева (қыздар арасында 55 кг-ға дейін), Әлемгүл Сабырхан (қыз­дар арасында 65 кг-нан аса), Динара Нұрғалиева (қыздар арасында 65 кг-нан аса) және Ерболат Қана­пин (ерлер арасында 80 кг-нан аса) қарсыластарын қаусата жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал қола жүлде Александр Белоусовқа (14-15 жастағы 60 кг-нан аса) бұйырды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар