Қазақстан • 31 Қазан, 2017

Зарина Дияс шеберлік сабағын өткізді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы ЦСКА теннис орталығында Токиода өткен WTA турнирінің жеңімпазы Зарина Дияс жасөспірім спортшыларға арнап шеберлік сабағын өткізді. 

Зарина Дияс шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік теннис қауым­дастығының WTA әйелдер жүйесінде 66-орында тұрған отандасымыз Зарина Дияс өткізген шеберлік сабағына 4-16 жас аралығындағы 100-ден аса жас теннисші қатысты. Кездесу барысында әр қатысушыға белгілі спортшымен теннис ойнауға мүмкіндік туды. «Армандары биік өрендермен теннис ойнау мен үшін өте әсерлі болды. Олардың бойларынан аталған спорт түріне деген ерекше құштарлықты көріп қатты қуандым. Бүгінгі шеберлік сабағына келген балғын спортшылардың көптігі, елімізде осынау ғаламат спортқа деген қызығушылықтың күн санап артып келе жатқанын аңғартады. Жарыстар кестесінің тығыздығына байланысты туған қалам Алматыға жиі келе бермеймін. Алайда, әр келген сайын шабыт алып кетемін. Жастардың жігеріне қарап қазақ теннисінің бо­лашақ жұлдыздары өсіп келе жатқанына көзім жетті», – дейді Зарина Диас.

«Егемен-ақпарат»