Қазақстан • 31 Қазан, 2017

Астанада «Көктал» ауданындағы барлық тұрғын үйлер толық көлемде жылу алады

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше қазандық кешендері қаланың балансына өтеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада «Көктал» ауданындағы барлық тұрғын үйлер толық көлемде жылу алады

«Көктал» ауданындағы 6 көпқабатты үйдің тұрғындарын мазалаған жылу мәселесінің үзіліп қала беруі, биыл қайталанбайды. Тілендиев даңғылы бойынша орналасқан «Ақ Отау», «ЖетіЖол», «Ұлытау», «Ақ Тілек», «Көктал-2» тұрғын үй кешендерінің қазандықтары қаланың балансына ауыстырылды. Бұрын қазандық жекенің қолында болғандықтан жылудың тарифтік бағасы үш есе қымбат болатын. Тұрғындар мұндай бағаны төлеуден бас тартқандықтан, олар жылуды ала алмайтын. 

 «Бүгінде әкімнің тапсырмасымен 6 тұрғын үй кешенінің қазандықтары «Астана-энергия» АҚ кешеніне табыс етілді. Біз тарифті қаладағыдай 1 Гкал үшін 2896 теңге етіп бекіттік. Сол себепті, 2017-2018 жылы жылыту маусымы кезеңіндегі мәселе алынып тасталды. Қазір барлық процедуралық мәселелер шешіліп жатыр, келесі жылы аталған үйлер орталық жылытуға қосылатын болады», - деді энергетика басқармасы басшысының орынбасары Ербол Төлеуов.

Қазіргі таңда энергетиктердің мәліметінше, жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Бекітілген режим картасына сәйкес,  температуралық режим көрсеткішін ұстап тұр.