Президент Астана процесіне қатысқан делегациялар жетекшілерімен кездесті

Қазақстан Президенті Сирия қақтығысын реттеу мәселесі бойынша Астанада өтіп жатқан келіссөздерге қатысқан делегациялар жетекшілерімен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Егемен Қазақстан
31.10.2017 1969

Кездесуге Ресей Федерациясы делегациясының жетекшісі Александр Лаврентьев, Түркия Республикасы делегациясының жетекшісі Онал Седат, Иран Ислам Республикасы делегациясының жетекшісі Джабери Ансари және бақылаушы елдер – Америка Құрама Штаттары делегациясының жетекшісі Дэвид Саттерфилд пен Иордания Хашимиттік Корольдігі делегациясының жетекшісі Уасфи Тель, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Стругар Милош қатысты.

Мемлекет басшысы Сириядағы қақтығысты реттеудің маңыздылығына тоқталып, бүкіл әлемдік қоғамдастық бұл мәселенің шешілуіне зор мүдделілік танытып отырғанын атап өтті.

– Сіздердің жұмыстарыңыз барша әлем назарында. Қаза болғандар мен босқынға айналғандардың өте көптігі бүкіл адамзатқа орасан нұқсан келтірді. Қазақстан Ресей мен Түркия Президенттерінің өтініші бойынша Астанада бас қосып, келіссөз жүргізуге жағдай жасады. Бүгінде сол келіссөздердің жетінші раунды өтіп жатыр. Барлық тараптар бұл үдерістің тиімді екенін айтуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Астана процесі Женевадағы келіссөздердің тиімділігін арттыруға септігін тигізетінін айтты.

Мемлекет басшысы Астанада өткен бірқатар басқосудың қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

– Сіздер бірнеше өңірдегі әскери іс-әрекеттерді бәсеңдету мәселесін шештіңіздер. Бұдан арғы іс-қимыл тетіктері әзірленіп, гуманитарлық ахуал жақсарды. Оқ атуды тоқтату режімін сақтап қалудың маңызы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Астана процесіне қатысушы елдер делегацияларының жетекшілері сөз сөйледі.

Александр Лаврентьев Сириядағы жағдайды реттеуге арналған келіссөздердің аралық қорытындыларын талқылауға мүмкіндік жасалғаны үшін ризашылық білдіріп, қақтығысқа қатысты қазіргі жағдайға өз бағасын берді.

– Жұмыс басталғалы көп уақыт өтті. Оң нәтижелер бар. Деэскалация аймақтары елдегі жағдайдың тұрақтануына және саяси реттеу үдерісіне біртіндеп көшуге көп септігін тигізді. Астана процесі аясында ұрыс қимылдарын тоқтату режімін қатаң сақтауға тырысудамыз, – деді Ресей делегациясының жетекшісі.     

Бұдан бөлек, А.Лаврентьев қақтығысты реттеудің жекелеген мәселелері жөнінде әңгімелеп, одан әрі шешімін табу үшін саяси диалогты жолға қою қажеттігін атап өтті.

Түркия Республикасы делегациясының жетекшісі Онал Седат Астанадағы келіссөздердің ерекше маңыздылығына тоқталып, осы мәселені шешуге атсалысқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді. 

Иран Ислам Республикасы делегациясының жетекшісі Джабери Ансари терроризммен күресті жалғастырып, өңірдегі шиеленісті бәсеңдету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аударды.

Бақылаушы елдердің өкілдері Сирия қақтығысын бейбіт реттеу үдерісіндегі Қазақстанның және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке рөлін атап өтіп, Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

БҰҰ-ның бас сарапшы-консультанты Стругар Милош еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі белсенді қызметі үшін алғыс айтып, Сирия мәселесі бойынша саяси шешім қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.    

Соңында Қазақстан Президенті келіссөздерге қатысқандардың барлығына өңірде бейбітшілік орнатуға атсалысқандары үшін тағы да ризашылығын білдірді.

– Кез-келген келіссөз, диалог – болашаққа бастайтын жол. Бәріміз бұл мәселенің бейбіт шешілгенін қалаймыз. Егер барлық елдердің күш-жігерін біріктіріп, ортақ коалиция жасамасақ, терроризмді жеңе алмаймыз. Біз келіссөздерді жалғастыру үшін барлық жағдайды жасауға күш салып отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу