Өзара ынтымақтастықтың өрісі кең

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Егемен Қазақстан
02.11.2017 1720
2

Иордания Хашимиттік Корольдігі­нің басшысын Ақордада салтанатты рәсіммен қарсы алған Елбасы өзара әңгіме кезінде екіжақты дипло­матия­лық байланыстар мен кездесу­лердің жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті. 

«Сіз дипломатиялық қарым-қаты­нас­­­тарымыздың 25 жылдығы қарса­ңын­да келіп отырсыз. Осы жылдар ішінде біз сенімді әрі достық ынты­мақтас­тық орнаттық. Біз халықаралық ұйымдар аясында бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Иордания Қазақстанның жаһан­­дық аренадағы бастамаларын қол­дап отыр», деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашы­лығы, фармацевтика, қорғаныс сала­лары секілді экономиканың түрлі сек­торындағы өзара әріптестік пен іс-қи­мыл­­дың нығайып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар Н.Назарбаев Иор­данияның және оның Королі ІІ Абдал­ланың Таяу Шығыста бей­біт­­­шілік пен қауіпсіздік орнату бары­сын­дағы рөлін ерекше атап көрсетті. 

«Сіз әкеңіз Хусейннің рөлін жал­ғас­ты­рып, бейбітшілік елшісіне айналып отыр­сыз. Қазақстан да өз өңірінде осын­­­дай рөлді атқаруға талпынып келе­ді. Біз – ядролық қаруға қарсы қозға­лыс көшбасшыларының біріміз», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Иордания Королі­нің бітімгершілік қызметін жоға­ры бағалап, оған «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» халық­аралық сыйлығын табыс етті.

«Бұл – Сіздің еңбегіңізге берілген баға. Сонымен қатар Сіздің қақтығыс туындағанда бітімгерлік рөліңізді одан әрі жалғастырады деп сенеміз. Сіздің еліңіз Астана процесіне белсенді түрде қатысып келеді. Иордания бір миллионнан астам сириялық босқынды қабылдады. Сіздер Сирияға қаржылық және гуманитарлық көмек көрсетіп отырсыздар. Бүкіл әлем осыны баға­лауға тиіс», деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде Иордания Королі ІІ Абдалла Н.Назарбаевқа Қазақстанға шақыр­ғаны үшін алғыс айтып, табыс­талған марапатқа ризашылық біл­дір­ді. ІІ Абдалла екі ел арасындағы қа­рым-қатынастың сенімге негізделгенін айрық­ша атап өтіп, Қазақстан Прези­дентінің халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудегі маңызды рөліне тоқталды.

«Біз Сіздің әлемді одан әрі жақсарту және қауіпсіз ету мақсатындағы рөліңіз­ді өте жоғары бағалаймыз. Сіздің көш­бас­шылығыңыз баршамыз үшін аса маңызды», деді Иордания Королі.

Сөз соңында Иордания Королі ІІ Абдалла өз халқының атынан Н.Назарбаевқа бітімгершілік қызметі мен көрсетіп отырған қолдауы үшін ризашылық білдірді.

Екеуара келіссөзден кейін Иордания Королі мен Қазақстан Президенті бұ­қара­лық ақпарат құралдарына арнал­ған брифинг өткізді. Кездесуді қоры­тын­дылаған Елбасы Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынын ерекше атап өтті. 

«Ең алдымен Иордания Королі II Аб­далла ибн Хусейнге менің шақыр­туым­ды қабыл алып, Қазақстанға кезек­ті ресми сапарымен келгені үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Иорданияны Таяу Шығыстағы, жалпы Араб әлемінде маңызды рөлге ие болып отырған халықаралық қоғамдас­тық­тың белді мүшесі ретінде қарасты­ра­мыз. Келесі жылдың ақпан айын­да екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Соның қарсаңында кездесіп отырғанымыздың мәні өте үлкен. Ширек ғасырда елдеріміз түрлі салалардағы байланысын дамытып, достық және сенім қарым-қатынасын орнатты. Бұл Король II Абдалланың Қазақстанға деген ыстық ықыласының арқасында жүзеге асқан үлкен келісім», деді Президент Н.Назарбаев. 

Елбасы алдағы уақытта Қазақстан мен Иордания арасындағы барлық бағыттағы мемлекетаралық ынты­мақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Н.Назарбаев еліміздің Иордания мен оның халқын жақын әрі бауырлас ел ретінде санайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті халықаралық саладағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды.

«Көптеген халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша біздің ұс­таным­дарымыз ұқсас. Иордания халықаралық қоғамдастықта жоғары беделге ие болып, лайықты құрмет­ке бөленді. Соның арқасында Таяу Шығыста бейбіт­шілік пен қауіпсіздік ор­нату жолында маңызды рөл атқарып келеді. Мысалы, Иордания 1 миллион 300 мың сириялық босқынды қабылдап, Палестина мен Израиль арасындағы түйткілдерді бейбіт жолмен шешуге үлес қосқанын атап өтуге болады», деді Н.Назарбаев.

Бұдан бөлек, Н. Назарбаев Иор­дания тарапына Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­­дырылған көр­месі мен Ислам Ын­ты­­­­мақтастығы Ұйы­мының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші сам­митіне белсенді қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Сонымен бірге Қазақстан Прези­денті Король ІІ Абдалламен өткізген екіжақты кездесудің қорытындылары туралы мәлімдеді.

Кездесу барысында екі ел басшылары мемлекетаралық қарым-қатынастың, халықаралық және өңір­лік деңгейдегі күн тәртібінің өзекті мәсе­лелерін талқылады. Елбасы Иор­да­ния Королімен болған келіссөзді мазмұнды әрі жемісті деп бағалады. 

«Күн тәртібінде тұрған өңірлік, сая­си мәселелер жөнінде пікір алмастық. Атап айтқанда, Сириядағы шиеленіс, Ирактағы жағдай, Қатар төңірегіндегі дағдарыс және басқа проблемалар туралы ой бөлістік. 

Сирия дағдарысы – қазіргі уақыт­тағы ең ірі шиеленістің бірі. Қазақ­стан бұл қақтығысты шешуге бағытталған барлық бастамаларды қолдайды. Астанадағы келіссөздер нәтижесінде Сириядағы зорлық-зомбылық айтарлықтай азайып, жергілікті халықтың бейбіт өмірге оралуына мүмкіндік туды», деген Н.Назарбаев Астана келіссөзі өз тиімді­лігін дәлелдеп, халықаралық қолдауға ие болғанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Иордания­ның Астана процесіндегі рөлін ерекше атап өтіп, оның бақылаушы ел ретінде Сириядағы ахуалды тұрақтандыруға зор үлес қосып отырғанын айтты. Соны­­мен қатар Н.Назарбаев екі ел ара­­­сын­­дағы сауда-экономикалық және ин­­вес­ти­циялық қарым-қатынастардың даму барысына тоқталды.

«Тасымалдау бағасы экспорт және импорт операцияларына әсер етіп отыр. Соған орай тиімді көлік-логис­тика арна­­ларын жетілдірудің маңыз­ды­лы­ғы тура­­лы әңгіме өрбіттік. Біз Қазақстан – Түрік­менстан – Иран және Әзербайжан – Гру­зия – Түркия бағыттары бойынша ашыл­ған темір жолды пайдалану мүм­кін­д­ігін қарастырдық», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екіжақты ын­тымақ­тастықты одан әрі дамыту жолын­дағы бірқатар экономикалық маңыз­ды бағыт­тарды әңгімелеп берді. Елба­сының сөзіне сәйкес, ауыл шаруа­шы­лығында тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік мол. 

«Қарым-қатынасымызды нығайту үшін ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор. Мысалы, Қазақстан Иор­дания­ға ауыл шаруашылығы мен мал өнім­дерін жеткізсе, Иордания қыс және көктем айларында біздің елге көкөніс пен жеміс экспорттай алады», деді Н.Назарбаев.

Елбасы екінші маңызды бағыт ретінде фармацевтика саласын атап көр­сетті. Мемлекет басшысы Иорда­ния­ның «Хикма» компаниясы Алматы қаласында фармацевтика зауытын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Екі ел арасында басымдық берілетін үшінші бағыт – энергетика саласы. Н.Назарбаев Иорданияның да Қазақстан секілді баламалы энергетика көздерін дамытуға мүдделі екенін ескеріп, серік­тестік орнатуға мүмкіншілік қарасты­рыла­тынын сөз етті. Сондай-ақ Мем­лекет бас­шысы әскери-техника саласындағы ын­ты­мақ­тастық аясын кеңейту мәселе­лері­не тоқталды. Оның сөзіне сай, Қазақ­­стан мен Иорданияның бұл сала­дағы ынтымақтастықты нығайтатын алғы­­шарттары бар. Н.Назарбаев осы бағыт­та өзара байланыстарды одан әрі жал­ғас­тыру жұмыстары арнайы үкімет­аралық комиссияға жүктелгенін айтты. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы екі елдің арнаулы қызметтері алдағы уақыт­та халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес жүр­гізу мақсатында бірлесіп жұмыс атқара­тынын жеткізді. 

Өз кезегінде ІІ Абдалла қонақ­жайлық көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне тағы да алғыс айтып, бүгін тапсырылған марапат барша Иордания халқының еңбегіне берілген баға екенін жеткізді.

«Бұл марапаттың атауы мен үшін өте маңызды. Өзекті халықаралық сын-қа­тер­­лерді еңсеру мәселесі бойын­ша Қаза­қ­станның жаһан­дық ұстаны­мы бар. Қазақстан – жаһандық ынтымақ­­тас­тық­тың көшбасшысы», деді Иордания Королі.

Иордания Королі ІІ Абдалла Қазақ­стан­ның ядролық қарусыздану мен жаһан­дық бейбітшілікті сақтау жолында атқарып отырған шараларына назар аударды. Бұдан бөлек, Иордания Королі Астанада Сирия мәселесі бойынша өтіп жатқан келіссөздердің нәтижелерімен бөлісіп, Қазақстанның әлемдік терроризммен және діни экстремизммен күрес жүргізуге барынша күш салып отырғанын айтты. Сөз соңында ІІ Абдал­ла екі ел арасындағы қарым-қаты­настың нығая түсіп, бұдан да жоғары деңгейге жететініне сенім білдірді.

Иордания Королі ІІ Абдалланың Қазақ­станға ресми сапарының қоры­тын­дысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олар: 

– Қазақстан Республикасы мен Иор­дания Хашимиттік Корольдігі ара­сындағы Адамдарды ұстап беру туралы келісім;

– Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимиттік Корольдігі арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы келісім;

– Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимиттік Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордания Хашимиттік Король­дігінің Үкіметі арасындағы Азамат­тық қорғаныс, төтенше жағдайлар­дың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордания Хашимиттік Король­­дігінің Үкіметі арасындағы Терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірт­­кі құралдарының, психотроптық заттар­дың, олардың прекурсорларының заң­сыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрес саласын­дағы ын­тымақтастық туралы келісім.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Суреттер Президенттің 
баспасөз қызметінен алынды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны төсеніштермен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу