Жетісуда жетістіктер аз емес

Орталық коммуникациялар қызметіндегі кезекті баспасөз мәслихатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты. Өңір басшысы биылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы баяндады. А.Баталовтың айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жүктелген және аймақ тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытындағы тапсырмалар ойдағыдай орындалып, қарқынды ілгерілеуге қол жеткізілген. Оң динамика барлық секторларда байқалады.

Егемен Қазақстан
02.11.2017 12857

«Өнеркәсіптің өсімі 4,3 пайызды құраса, биылғы қаражат көлемі 700 млрд теңгеден асады. Жетісу өңірі шырындар мен алкогольсіз сусындардың негізгі өндірушісі болып табылады, бізде жылына 1 млрд литрге дейін өнім өндіріледі. Индустрияландыру картасы аясында фармацевтиканың жаңа саласы құрылғанын мақтанышпен жеткіземін. 9 фармацевтикалық зауыттың өндіріс көлемі есепті мерзімде 2 еседен астам өсіп, өнім құны 13 млрд теңгеге жетті. Соны­мен қатар «Қайрат» индустриялық аймағы­ның инфра­құрылымын салу басталды. Өнер­кәсіптік аймақтарда барлығы 17 кәсіпорын жұмыс істейді», деді Амандық Баталов.

Әкім инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері 9 бизнес-кездесу өткенін, 7 елдің өңірлерімен, компанияларымен меморандумдар мен келісімдер жасалғанын әңгімеледі. Инвес­торлар, әсіресе, Қорғас – Шығыс қақпа­сына айтарлықтай қызығушылық танытқан. Нәтижесінде, жалпы құны 644 млрд теңге болатын 24 жоба жоспарланған. Жалғасып келе жатқан жұмыстардың қорытындысынан инвестициялардың өсуін аңғару қиын емес. 

Амандық Баталов ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған шаруалар жайында да айтты. «Мемлекет басшысы атап өткендей, аграрлық сектор экономикалық өсімнің қозғаушы күші болуы керек. Бұл саладағы жалпы өнім көрсеткіштері облысымыздың республика бойынша бірінші орында тұрғанын айғақтайды, яғни 17 пайызды құрайды. Сөзімді нақты деректермен шегелей түссем, бүкіл Қазақстандағы сояның – 97 пайызы Алматы облысында өсіріледі. Жүгері мен қант қызылшасының – 64 пайызы, жеміс-жидектің – 37 пайызы, көкөністің – 25 пайызы, ет өнімдерінің – 20 пайызы, сүт өнімдерінің – 13 пайызы және жұмыртқаның – 23 пайызы Жетісу жеріне тиесілі», деді әкім.

Ауылшаруашылық дақылдарының көлемі 948 мың гектарды құраса, оның ішінде 17 пайыздан астамы озық технологияларды пайдалана отырып өңделеді екен. Аймақ басшысының сөзіне қарағанда, облыс бүгінде еліміздің қызылша өсіру аймағына айналған. Биыл егістік ауданы 9 мың гектарға жетіп үлгерген. «Көксу» қант зауыты үшінші жыл өз жұмысын сәтті аяқтап, толықтай жаңар­тылды. Жылына 300 мың тонна өнім беретін «Ақсу» қант зауыты да осы қатарда. «Биыл 35 мың тонна қант алып, өңірдің сұра­ны­сын толығымен жабамыз. Біздің мақ­сатымыз – бүкіл еліміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қант өндірісін одан әрі арттыру», деді өз сөзінде Амандық Баталов. 

«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында үш жыл ішінде 82 жобаны жүзеге асыруға 77,2 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде білім беру мекемелеріне 49 млрд теңге қаралған. «Ағымдағы жылы өңір­де барлығы 44 мектеп салынады, оның ішінде 31-і бағдарлама аясында. Бұл оқу орындарының тапшылығын жояды. Біз үшін бұл – өте өзекті мәселе, өйткені жаңа оқу жылында 46 мың бала бірінші сынып табал­дыры­ғын аттады», деген әкім «Нұрлы жол» бағ­дарламасы аясында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Алматы – Талдықорған» автожолдарын салуға арналған ірі жобалар іске асырылғанын еске салды. Жергілікті бюджеттен биыл жалпы жолдарды жөндеуге 25 млрд теңге бөлінген екен. 

Көпшілігімізге мәлім, соңғы жылдары облыста ауызсу мәселесі де жиі көтерілуде. Аталған бағытта қолға алынған шаралар аз емес. Биылдың өзінде жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге 107 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде, 18 елді мекенге су барып, 80 ауылдың ауыз­суының сапасы жақсартылған. Сонымен қатар облыс тұрғындары үшін маңызды оқиға – «Алматы – Талдықорған» газ құбырының құрылысы аяқталыпты. Қазіргі таңда 11 ауданда газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Тұрғын үй құрылысы да жақсы қарқын­мен дамып келеді. Жыл соңына дейін 611,5 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне бері­л­еді, соның ішінде «Нұрлы жер» бағдар­ла­масы бо­йынша 103,6 мың шаршы метр жер пайдалануға тапсырылмақ. 2158 пәтерлі 200 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр», деді өңір басшысы. Оның айтуынша, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі облыс аумағына инновацияларды енгізуге мүмкіндік берді. 

«Мемлекет басшысының «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын жүзеге асыру – басты басымдықтардың бірі. Жетісу кәсіпкерлері мен меценаттары Елбасының «Туған жер» бағ­дарламасына қатысуға айрықша ниет білдірді. Бүгінде 308 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 37 млрд теңге бөлінді. Мысалы, Еңбек­шіқазақ ауданының Ащыбұлак кентін­дегі Сабировтар отбасы қараусыз саябақты қал­пына келтірді. Сонымен бірге Кербұлақ ауда­нының тұрғыны, жеке кәсіпкер Хасан Әбуев туған ауылына бастауыш мектеп салуда. Қарасай ауданында ашылған «Батыр баба­лар» мемориалдық кешенін де меценаттар 465 млн теңге бөліп салған», деді А.Баталов.

Әкімнің айтуынша, өңір тұрғындары Президенттің латын әліпбиіне ауысу туралы саясатын қолдайды. Осыған байланысты көптеген дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылған. Осы жиындарда қазіргі заманғы жетістіктерге қолжетімділік пен жаһандық ағылшын тіліне кірігудегі жаңа әліпбидің рөлі кеңінен талқыланған.

Баспасөз мәслихаты соңында А.Баталов тілшілер тарапынан қойылған түрлі сауал­дарға жауап беру барысында биыл турис­терге қызмет көрсету көлемі 1,5 миллион адамнан асқанын, соның ішінде бір ғана Алакөлге 750 мың адам келгенін жеткізді. Оның айтуынша, көл жағасындағы инфрақұрылымды дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Темір жол қатынасы жолға қойы­лып, Үшарал қаласында әуежай тұрғы­зылды және темір жол вокзалының құрылысы басталып кетті. Үш жылда өңірдегі ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 40 пайызға артып, 5,5 млрд теңгені құраған.

Жарыссөз кезінде Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құрылатыны да белгілі болды. Ол ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсыныс жіберілген екен. 
 

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.07.2018

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ШОҚ ЖҰЛДЫЗ...(ДЕНИС ТЕНГЕ АРНАЛАДЫ)

20.07.2018

Қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

20.07.2018

Үкімет басшысы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

20.07.2018

Шымбұлақта ІІІ Халықаралық тау және спорт фестивалі басталды

20.07.2018

Әлемдегі ең ауқатты командалар қайсы?

20.07.2018

Мектеп түлектері ауылдастарына ойын алаңын сыйға тартты

20.07.2018

Токио Олимпиадасының бағдарламасы бекітілді

20.07.2018

Астанада «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында іріктеу сындары жалғасады

20.07.2018

Елбасы Денис Теннің қазасын қатты күйзеліспен қабылдаған

20.07.2018

Семейде  «Күміс сиқыры» атты  көрме ашылды

20.07.2018

Бердібек Сапарбаев мәжіліс депутаттарымен кездесті

20.07.2018

Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

20.07.2018

Елбасы Денис Теннің өліміне байланысты қылмысты бақылауда ұстауды тапсырды

20.07.2018

Шымкентте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері талқыланды

20.07.2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті іздестіріліп жатыр

20.07.2018

Гомерден қалған мұра

20.07.2018

Көкшетауда көшпелі көрменің тұсаукесері өтті

20.07.2018

«Астана» – келесі кезеңде

20.07.2018

Астанада ертеңнен бастап жолақы 180 теңге болады

20.07.2018

Суға түскенде сақтық керек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу