Әлем • 05 Қараша, 2017

Қазақстаннан шыққан Баку-Тбилиси-Карс бағытындағы алғашқы пойыз Түркияға жетті

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Мерсин қаласына Қазақстаннан Баку-Тбилиси-Карс (БТК) бағыты арқылы жіберілген алғашқы пойыз келіп тоқтады. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Қазақстаннан шыққан Баку-Тбилиси-Карс бағытындағы алғашқы пойыз Түркияға жетті

Пойыз Мерсин қаласына 600 тонна бидай тиелген 30 контейнерді жеткізді. Карс пен Мерсин аралығы 1258 км, пойыз оны 30 сағатта жүріп өтті.

БТК желісі ресми түрде 30 қазан күні Аляты ауылындағы портта (Бакуден 90 км жер) ашылған болатын. Салтанатты шараға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев, Қазақстан, Өзбекстан және Грузия Премьер-Министрлері Бақытжан Сағынтаев, Абдулла Арипов және Георгий Квирикашвили қатысты.

Баку-Тбилиси-Карс теміржол бағыты әзербайжан-грузин-түрік мемлекетаралық келісімінің негізінде салынған. Жобаны жүзеге асыру 2008 жылы басталды.Жоба аясында Грузияның Ахалкалаки станциясынан Карс қаласындағы теміржол станциясына дейін теміржол желісі салынған болатын.

БТК-ның ұзындығы 826 км-ді құрайды.