Сын сағаты жақындап келеді

Солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясында 2018 жылдың 18 наурызына белгіленген президенттік сайлаудың көрігі қазірден-ақ қыза бастады. Оның қызуына дем берушілер саясатпен, билікпен араласып көрмесе де есімдері халыққа шоу-бағдарламалардан белгілі болып жүрген танымал жандар болып отыр. 

Егемен Қазақстан
07.11.2017 2104

«Ресей Федерациясының Пре­зидентін сайлау туралы» заңына сәйкес кандидатқа дауыс беру 2018 жылдың 11 наурызына тура келетін еді. Алайда, үстіміздегі жылдың 3 нау­рызында сенаторлар А.Клишас пен А.Широков және Мемлекеттік думаның де­путаты М.Шеремет осы заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасын ұсынып, онда президент сайлауы болатын аптада жұмыс күні болып есептелмейтін бір мерекелік күн болса, сайлау келесі жек­сенбіге ауыстырылады деген толықтыру болған. Нақты айт­қанда, 11 наурыздың алдында, үш күн бұрын 8 наурыз – Ха­лық­аралық әйелдер күні аталып өтетіндіктен президенттік сайлауды келесі жексенбіге (18 наурызға) ауыстыру туралы өзгеріс енгізу ұсынылған. Осы өзгерісті 24 мамырда Мем­­лекеттік дума, 31 мамырда Федерация кеңесі, 1 маусымда президент қолдап, сайлау 18 наурызға белгіленген. Бұл күннің ерекшелігі сол, ол – Ресей Федерациясының Қырым түбегін қосып алған күні. Сондықтан көптеген сарапшылар, саясаткерлер бұл – іс басындағы Президент В.Путинге электоратты тарту үшін жасалған арнайы қадам деп біршама шулаған. Бірақ бәрібір заңға аталған өзгеріс енгізілді.

Ресей Федерациясының пре­зидент сайлауы туралы заңы бойынша сайлаудың қай күні болатынын ресми түрде Федерация кеңесі 7-17 желтоқсан аралығында (сайлауға 90-100 күн қалғанда) жариялайды. Осыдан кейін 3 күннің ішінде президенттікке өздерінің кандидаттарын­ ұсы­нуға құқы бар саяси­ пар­тиялардың тізімі жарияланады және 20 күн бойы өзін-өзі ұсынғандар тіркеледі. Соң­ғылар өздерін тіркету үшін саны 500-ден кем емес сай­лаушының қолдау-хатын ұсы­нуы керек. Тіркелушіге қо­йылатын бір шарт  – құжаттарын ұсынғанда шетелдегі есепшоттары мен салымдарын жа­буы, ақшалары мен құнды зат­тарын шетелдік банктерге­ сақтамауы және шетелдік қар­жы­лық құралдарды қол­данбауы керек.

Орталық сайлау комиссия­сы (ОСК) саяси партиялар­дан­ ұсынылғандарды 100 мың сайлаушының, ал өзін-өзі ұсынғандарды 300 мың сай­лаушының қолдаған қолы бар­ құжаттарын тапсырған соң 5 күннің ішінде тіркейді. Осы­дан кейін ОСК-ге қолдаған қол­­дардың дұрыстығын тексе­руге 10 күн беріледі. Тек содан кейін ғана тіркелушіге пре­зиденттікке кандидат деген куә­лік тапсырылады.

19 ақпаннан 17 наурызға дейін сайлауалды үгіт-наси­хаттар жұмысы барлық БАҚ құралдарында жүргізіледі. Ал 17 наурызда «тыныштық күні» болып, барлық насихат тоқ­татылады. 18 наурыз күні болған сайлаудың ақырғы қо­рытындысы 30 наурызға дейін жарияланады. Әрине, қазіргі технологияның жетілген зама­нында кімнің Ресей Фе­де­рациясының президенті екен­дігі 19 наурызда-ақ белгілі бо­лары сөзсіз. Ал алда-жалда сайлау бір кандидаттың 50 пайыздан артық дауыс алмағанын көрсетсе – екінші тур 8 сәуірге белгіленген.

Сайлау туралы заңға сәй­кес Ресей Федерациясының пре­зиденттігіне жасы 35-тен ас­қан, елде кем дегенде соңғы 10 жыл бойы тұрған кез келген азамат өз кандидатурасын ұсына алады. Алайда оның ауыр және аса ауыр қылмыспен сотталып, соттылығының жо­йылмағаны, әкімшілік баптар­мен берілген жазалардың толық өтелмегендігі және т.б. сияқты шектеулері бар. Осы соңғы шектеу бүгінгі күн­гі нақты кандидаттардың бі­рі болып отырған Алексей На­вальныйдың жолын кесуі мүм­кін. Үстіміздегі жылдың маусым айында ОСК басшысы Элла Памфилова «Ки­ро­в­­­­лес» мемлекеттік кәсіп­орнындағы мүліктердің қол­ды болуына байланысты ол сотпен 5 жыл шартты жаза ал­ған­дықтан президенттікке кандидат ретінде тіркеле ал­май­тындығын айтқан. Алай­да ол осы кәсіпорындағы ұрлық­қа қатысты 2013 жылы да сот­­талып, Еуропаның адам құ­­қы жөніндегі сотының (ЕАҚС) көмегімен ақталған еді. Бірақ іс қайта тексеруге жіберіліп, ақыры оған бес жыл шартты жаза берілген. Бұл мерзім 2018 жылдың тамыз айында ғана аяқталады. Дегенмен Э.Памфилова А.Наваль­ный­дың кассациялық шағым беру құқы барын да айтқан.

Әзірге Ресей Федерация­сының президенті лауазы­мы­на үміткер болуға А.Наваль­ныйдан басқа «ЯБЛОКО­» партиясының лидері Г.Яв­лин­ский, ақын, жазушы­ А.Витухновская, ЛДПР же­тек­шісі В.Жириновский, кә­сіпкер С.Полонский, «Ресей коммунистері» партиясынан М.Сурайкин, «Артподготовка» қозғалысының басшысы­ В.Мальцев, саясаткер­ С.Сулак­шин, тасымал­ қоғамы­ның төра­ғасы А.Бажу­тин, өнертапқыш В.Михайлов, политтехнолог А.Баков, «Мортадель» агро­кешенінің вице-президенті Э.Агурбаш, қоғам қайраткері Б.Якименко, политтехнолог А.Богданов мәлімдеме жасаған. Осынша көп адамның ниеті қызықтырды ма, әлде басқа ма, жуырда белгілі теле­жүргізуші, актриса Ксения Собчак та өзінің президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді.

Қазақ «жаман балаға жақ­сы әке 40 жыл азық» деп бекер айтпаған ғой, Ксения Собчак­тың халық арасына алғаш танымал болғандығы дарынды саясаткер, көрнекті заңгер, Санкт-Петербург қаласының жаңа замандағы алғашқы мэрі Анатолий Собчактың қызы болғандығы еді (Ксения 1981 жылы Ленинград қаласында өмір­ге келген). Бірақ аз уақыт өтпей К.Собчак өзінің де осал еместігін көрсете бас­та­ды.­ Оның теледидарға шық­қан алғашқы реалити шоу-­бағ­дарламалары саясат­пен үш қайнаса сорпасы қосыл­май­тын, жастар арасында бұ­зықтық сезімін оятатын дүниелер еді («Дом-2», «Девчата» т.б.). Кейін ақыл-ойы озық, қоғамдағы көш­басшы адамдардың өзі көңіл аудара бастаған хабарлар жасайтын болды. Оның «Дождь» телеарнасындағы «Собчак живьем» хабарына талай белгілі адамдар қатысып жүр. Ойы ұшқыр, көзқарасы кең, қандай сұраққа болса да тапқыр жауап таба алатын оның жақтастары да жыл санап көбейіп келеді.

2011 жылдан бастап К.Соб­чак парламент сайлауында орын алынды деп саналған бұрмалауларға қарсы акцияларына қатысып, оппозицияның жағында жүрді. 2012 жылғы президент сайлауындағы осындай келеңсіздіктерге қарсы және одан кейінгі акцияларда да ол А.Навальныйдың қата­рында көрінді. Бірақ ха­лық оның сөздері мен ұсы­ныстарын, жоғарыда атал­ған телехабарларының қисын­сыздығынан болса керек, қол­дап кете қойған жоқ, сон­дықтан саясаткер ретінде зор­­ беделге ие бола алмады. 2012 жылы К.Собчактың үйі­­не тінту жүргізіліп, тергеу орындары үлкен көлемде ақша табылғанын жарияла­ды. Осы кезден бастап К.Соб­чак оппозициялық қозға­лыстан аяғын тартып, тек шығармашылыққа бұрыла бастады. Тергеу орындары оның 1 миллионнан артық еуросын, 500 мыңнан ар­тық­ долларын қайтарған. «Форбс» журналының бағала­уына қа­ра­ғанда Ксения Анато­лий­қызының 2 млн доллар­дан­ артық дәулеті бар. Ол 2013 жылы белгілі актер М.Витор­ганға күйеуге шыққан, екеуінің 1 жастағы Платон деген ұл­дары өсіп келеді. Оған дейін К.Собчак бірнеше еркекпен тұрғанын өзі жариялаған.

Биыл Ксения әкесі Анато­лий Собчактың 80 жылдығына орай фильм түсіруді қолға алған. Сол фильмге сұхбат берушінің бірі ретінде әкесінің бұрынғы көмекшісі президент В.Путинге бар­ған. Сол жолы өзі­нің президент­тікке түспек ниеті барын оған айтып, келі­сімін алған сияқты. Бұл туралы барлық БАҚ жазды. Ал 18 қазанда К.Собчак өзінің Ре­сей Федерациясының прези­денттігіне үміткер болатынын ашық жариялады. Қазір Ре­сей БАҚ-тарында ең үлкен талқыға түсіп, жұрт назарын аударып жатқан осы ақпарат. Біреулер К.Собчакты қолдаса, халықтың басым көпшілігі оны президенттік сайлауды ойынға айналдырды деп айыптауда.  

Міне, осындай үміткерлер Ресей Федерациясының прези­денттік сайлауына деген қызы­ғушылықты аяқ астынан арттыра бастады. Әрине, өзінің көш­басшысы кім болмағын Ресей халқының өзі таңдайды, бірақ әйтеуір көршіміздің тағына көрнекті, білікті де бі­лімді, орнықты адамның отырғанына не жетсін.

Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу