Үкімет • 07 Қараша, 2017

Биыл Қазақстанда 140 млрд теңгеге 116 МЖӘ келісімшарты жасалды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру барысы, сондай-ақ «Бағдарламалық МЖӘ» енгізудің перспективалы салалары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Биыл Қазақстанда 140 млрд теңгеге 116 МЖӘ келісімшарты жасалды

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпы 139,5 млрд теңге сомаға 116 МЖӘ келісімшарты жасалғанын баяндады. 70 млрд теңге сомаға 53 нысан пайдалануға берілді, 69,5 млрд теңге сомаға тағы 63 нысан салынып жатыр. Олардың ішінде 45 білім беру нысаны, 27 денсаулық сақтау, 17 мәдениет және спорт нысаны, 7 сервистік-дайындау орталығы, «ақылды қала», энергетика және жолаушылар тасымалдары саласындағы 3 республикалық жоба бар.

 

Жасалған келісімшарттар саны бойынша көшбасшылар Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Оған қоса, инвестициялар көлемі бойынша (жобалардың құны бойынша) көшбасшылар Ақтөбе облысы және Астана қаласы болып табылады.

Қосымша, мемлекеттік органдардың есептеріне сәйкес, дайындықтың түрлі кезеңдерінде жалпы 1,7 трлн теңге сомаға тағы 431 жоба бар. Олардың ішінде республикалық деңгейдегі 15 жоба пысықталуда, жергілікті деңгейде 760,6 млрд теңгеге 416 өңірлік жоба дайындалып жатыр.