Аймақтар • 08 Қараша, 2017

Баку-Тбилиси-Карс бағдарын жалғайтын қазақстандық пойыз Мерсинге жетті

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудан жіберілген алғашқы Баку-Тбилиси-Карс бағдарын жалғайтын контейнерлік пойыз түріктің Мерсин қаласына келіп тоқтады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

 

Баку-Тбилиси-Карс бағдарын жалғайтын қазақстандық пойыз Мерсинге жетті

Контейнерлік пойыз құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты отыз 20 футтық контейнерлерге қапшықталған астық пен «ӘТЖ» ЖАҚ вагондарына тиелген жүктер бар. Жылжымалы құрам 5435 шақырымды он күнде басып өтті. Халықаралық бағдар Құрық порты паром кешені мен Каспий теңізі жағалауындағы Алят порты арқылы өтті. Сапар барысында вагондарды кең табанды рельстен тар табанды түріне алмастыру жаңа грузин-түрік шекаралық бекеті Ахалкалаки- Карста жасалды.

«Жобаны табысты жүзеге асыру барлық мүдделі тараптардың бірлескен қызметінің арқасында мүмкін болды. Оның ішінде теміржол, порт, теңіз көлігі әкімшілігі, логистикалық компаниялар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) қатысушы мемлекеттердің көлік қрылымдары белсенділік көрсетті»,-дейді «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры Алмат Кәрімов.

А. Кәрімовтің  айтуынша, Баку-Тбилиси-Карс контейнерлік пойызын түрік портына жеткізумен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы ұйымдастырды.  ТХКБ бағдарындағы тауар тасымалдаудың тиімді логистикалық тізбегін жасақтау және контейнерлік жүк ағынын тарту мен жүк базасы балансын жасақтау  мақсатында  «KTZ Express» АҚ жүк жөнелтушілерге мультимодальдық контейнерлік пойыз жасақтауда автокөлік қызметі мен қазақстандық көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдалану ұсынылды.

«Бұл бағдардың жылдық әлеуеті 10 миллион тонна жүк тасымалдауға жетеді деп бағаланып отыр. Таяу арада келесі жүк кезегі жөнелтіледі», деді А. Кәрімов.