Президент • 08 Қараша, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев «Әуежай» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев «Әуежай» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды. Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда, соның қатарында мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.

Жаңа шағын ауданның көлемі – 31,7 гектар. 2014-2017 жылдарда жалпы көлемі 80542 шаршы метрді құрайтын 16 үй пайдалануға берілген. Бүгінде тағы 12 үй салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар