Президент • 08 Қараша, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы отандық автокөлік өндірісімен танысты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев автокөлік құрастыратын отандық кәсіпорын жұмысымен танысты.  Өндіріс цехын аралап көріп, зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы отандық автокөлік өндірісімен танысты

Көрнекі сурет

Мемлекет басшысына қостанайлық бренд өндірісі саналатын JAC, Peugeot, Ravon автокөлік сапын, сондай-ақ JAC электромобиль моделі мен Iveco базасындағы мектеп автобустарын таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа электромобиль инфрақұрылымын дамыту жайы баяндалды. Бұдан бөлек, Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы мәліметтер айтылды.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомобильдер мен өзге де моторлы құралдар шығарады, 2010 жылы құрылды. 2017 жылы қаңтар-қыркүйек айында кәсіпорын 3 795 техника өндірді. Қазір зауыт қарамағында 574 адам жұмыс істейді.