Президент • 09 Қараша, 2017

Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясындағы көрмені аралады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге адам капиталын дамыту тақырыбына арналған көрмеге барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясындағы көрмені аралады

Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресейдің білім беру жүйелерінің экспозициялары көрсетілді.

Көрмеге Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры, «Bilim Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы менеджмент университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы сияқты Қазақстандағы білім беру мекемелерінің жобалары қойылған.

Соңғы жаңалықтар