Болашаққа бағдарланған бюджет қабылданды

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен жалпы отырыс өтіп, күн тәртібінде екі заң жобасы қаралып, талқыланды. Оның бірі – «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болса, екіншісі – «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы. Жуырда ғана Мәжіліс тарапынан мақұлданған аталған заң жобаларын Сенат депутаттары да бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

 
Егемен Қазақстан
10.11.2017 12840
2

Республикалық бюджетке қатысты заң жобасы еліміздің 2017-2019 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне және жыл басынан бастап салықтық түсімдер қарқынын нақтылауға байланысты әзірленген болатын. Сондықтан да құжат Қазақстанның үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыруды жалғастыруға, мемлекет қабылдаған міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Руслан Дәленов және Ұлттық банк төрағасының міндетін атқарушы Олег Смоляков таныстырған заң жобасында ел экономикасының 9 айдағы даму қорытындылары мен әлемдік экономиканың ағымдағы ахуалы есепке алынып, 2017 жылға ар­нал­ған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы нақтыланған. Үкімет мүше­лерінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері экономикалық белсенділіктің жақ­саруына байланысты ІЖӨ нақты өсімі 2,5 пайыздан 3,4 пайызға дейін ұлғаю жағына қарай қайта қаралған.

Ал Ұлттық банктің болжамы бойынша инфляция бекітілген 6,0-8,0 пайыздық көрсеткіш аралығында болжанып отыр. Сонымен қатар 2017 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (трансферттер түсімдерінсіз) 4 952,8 млрд теңге сомасында айқындалды немесе 60,8 млрд теңгеге ұлғайып, транс­ферттердің түсімі 4,9 млрд теңге­ге өскен. Сондай-ақ 2017 жылға арнал­ған республикалық бюджет шығыстары нақтыланған бюджетпен салыс­тыр­ғанда 1,0 млрд теңгеге ұлғая отырып, 11 177,4 млрд теңге сомасында жоспар­лануда.

Бюджет шығыстарының негізгі бөлігі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін іске асыруға, Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар аясында шығыстарды және басқа жобалар мен бағдарламалар аясында шығыстарды қайта бағыттауға арналған. Осылайша, айқындалған жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы 62,0 млрд теңгеге азайтылып ІЖӨ бағамының 2,9 пайызын құрайды. Сөйтіп басты қаржы құжатына түзетулер енгізу жайы жан-жақты талқыланып, сенаторлар бюджет саласын жетілдіру, мемлекеттік активтер­ді басқаруды жақсарту, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту, инвестиция тарту, мемлекеттік қаражат есебінен банк секторының ахуалын жақсарту мәселелерін көтерді. Орайы келген сәтте сенатор Ерболат Мұқаев Ұлттық банктің назарын банк секторының тұрақтылығы мәселесіне аударды. 

«Сарапшылық деректерге сәйкес, 2016 жылдың соңында «Бәйтерек» холдингі Казинвестбанкке 21,1 млрд теңге, ал Дельта Банкке 60,3 млрд теңге орналастырған. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның айтарлықтай қаражаты да осы екі банкке: Дельта Банкке – 45,2 млрд теңге, Казинвестбанкке – 2,9 млрд теңге салынған», деген Eрболат Мұқаев банк секторын мемлекеттің есебінен жақсарту ісі үрдіске айналып бара жат­қанына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, қаржы нарығын реттеушi Ұлттық банк банктердің ахуалын жақсарту үлгісiн құруға емес, бiрiншi кезекте тәуекелдi бағалаудың, мұндай жағдайлардың алдын алу үлгiсiне назар аударуы тиіс», деді Е.Мұқаев.

Сондай-ақ талқылауда сөз алған сенатор Дархан Қалетаев Ұлттық қорға тиесілі 5 млрд теңгенің бұғатталуына қатысты мәселенің анық-қанығын сұрады. «Біршама уақыт бұрын Ұлттық қордың 5 млрд теңгесі голланд сотымен бұ­ғатталғаны жөнінде ақпарат тарады. Оған қатысты Ұлттық банк төрағасы Д.Ақы­­шев ресми түрде мәлімдеме де жа­са­ған еді. Бүгінде бұл түйін қалай тар­қа­­ты­луда? Қаражат не үшін бұ­ғаттал­­ған және оған кім жауапты?» деді се­натор.

Өз кезегінде мұндай деректі раста­ған Ұлттық банк төрағасының міндетін ат­қарушы Олег Смоляков Қазақстан қар­жысына қатысты талап тиісті дең­гейде шешіліп жатқанын алға тартты.

«Өндірістік міндеттемелер аясында Қазақстандағы бірқатар жекеменшік компаниялар мен тұлғаларға қатысты мұндай талап қойылғаны жасырын емес. Бүгінде Ұлттық банк инвестициялық декларацияның жауапкершілігіне сай мұндай активтерді басқарады. Сол себептен де кейбір активтерге қатысты сомалық талаптар қойылған», деді ол.

Осы орайда әңгімеге араласқан Әділет министрі Марат Бекетаев жалпы Ұлттық қор қаражаты ақиқатында бұғатталғанымен, оның көлеміне қатысты түрлі ақпараттар тарағанын тілге тиек етті. Ақиқатында мәселе Мол­давия кәсіпкерінің бірнеше рет ха­лықаралық ұйымдарға шағым түсі­руінен туындап, өрши түскен көрінеді.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне сай талқыланып, ратификацияланған құ­жаттың бірі – «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Азық-түлік қауіп­сіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісім­ді ратификациялау туралы» заң жобасы болды.

2017 жылғы 2 мамырда Астана қаласында жасалған келісім Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтерін ашуды көздейді. Сондай-ақ Қазақстанда АҚИҰ-ның штаб-пәтерін құру Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтады және ұйым­ның халықаралық, өңірлік және субөңірлік бастамаларына Қазақ­стан­ның тартылуын күшейтеді.

Айта кетейік, Қазақстанда АҚИҰ-ның штаб-пәтерін ашу үшін 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттен Сыртқы істер министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының АҚИҰ-ға ерікті жарнасы жыл сайын 247 204 мың теңге (749 103 АҚШ доллары), Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылдан бастап жыл сайын 39 600 мың теңге сомасында офистік үй-жайды жалға алу шығыстары көзделген.

Отырыс барысында сенаторлар өз құзыреттері шеңберінде тиісті ведомство­лардың атына депутаттық сауал­­дарын жолдады. Сәрсенбай Еңсе­­генов дизель отыны жағдайын тұрақтандыру жөнінде шаралар қа­­былдау қажеттігі туралы; Әли Бек­таев отбасы және отбасылық құнды­лық­тарды нығайту жөніндегі кешенді шараларды қабылдау қажеттілігі туралы; Әлімжан Құртаев қоныс аудару бағдарламасын тиімді енгізу мақсатында елдің жұмыс күші артық аймақтарынан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарына ерікті көшіп келушілерге арналған әлеуметтік пакеттің тізімін кеңейтуге қатысты мәселелерді жария етті.

Жиын соңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру барысында Ұлттық банк төрағасының міндетін атқарушы О.Смоляков «Bank RBK» банк тұтынушыларының қаржысын алуына қойылған шектеу кезең-кезеңмен тоқтатылатындығын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Bank RBK» мен Ұлттық банк арасында жасалған «келісім жобасы» бойынша банкке алдымен акцио­нерлер қаржы құйып, содан кейін ғана Ұлттық банктен субсидиялы несие беру жоспарланған. 

«Жыл соңына дейін ең алдымен әлеуметтік маңызды төлемдер – студенттер мен жалақы алатындар немесе несие картасын пайдаланатындарға, содан кейін ғана басқа клиенттерге төлем жасалады деп келісілген», деді ол.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2018

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

21.10.2018

Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды

21.10.2018

Соңғы үш жылда ақтөбелік мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теңге қаржы бөлінді

21.10.2018

Қостанайда биылғы күздің алғашқы жәрмеңкесі өтті

21.10.2018

Қостанайда алғашқы жылы аялдама пайдалануға берілді

21.10.2018

Жаңа мектептің салынуы - уақыт талабы     

21.10.2018

Данияр Елеусінов америкалық Мэтт Доэртиді нокаутпен жеңді

20.10.2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

20.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу