Президент • 13 Қараша, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Чехия Республикасының бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесті

Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды.

Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.