Аймақтар • 14 Қараша, 2017

Ілияс Есенберлиннің үйіне жаң­ғырту жұмыстары жүргізілді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде халқымыздың рухын көтеретін тарихи кітап­тар жазған Ілияс Есенберлин­ді біл­мейтін қазақ кемде-кем.

Ілияс Есенберлиннің үйіне жаң­ғырту жұмыстары жүргізілді

Атақ­ты жазушы Ақмола өңірі­нің тумасы. Жақын­да Атбасар қаласындағы қалам­гердің туып-өскен үйіне жаң­ғырту жұмыстары жүргізілді. Қайырымдылық шарасына балабақша мен мектеп қызмет­керлері қатысты.

Ұлтын ұлықтаған тұлға­ны дәріптеу біз үшін үлкен мәртебе, деп атап өтті Атбасар қаласы білім беру бөлімінің әдіс­кері Әсел Қозыбаева. Реті келгенде айта кету керек, Ілияс Есенберлин 1915 жылы осы шаһардағы ағаш шеберінің отбасында өмірге келген. Ал жазушы тұрған үш бөлмелі ағаш үйді оның әкесі Есенберлі ағасы Шоқанмен бірге 1895 жылы салыпты. Сондай-ақ қалада жазу­шының әдеби шығар­маларына құрылған мұражай да бар. Және де Ілекең атындағы көшенің бо­йында орналасқан жазушының тұрған баспанасының бір бүйі­ріне ескерткіш тақта да ілініпті. Бұдан басқа, мұнда жазушының есімімен аталған кітапхана да бар. Сол сияқты қаладағы №1 мектеп-гимназиясы да жазушы аты­мен аталады. Ал Атбасар қала­сының орталығында жазу­шыға арналған зәулім ескерткіш менмұндалайды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы