Қазақстан • 14 Қараша, 2017

Қанат Ислам жылдың үздік спортшысы атанды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды. Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Қанат Ислам жылдың үздік спортшысы атанды

«Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» - «Алтын адам» сыйлығының лауреаты жəне «Жыл спортшысы» атанды», - деп жазды Берік Сұлтан

Айта кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында канадалық Брэндон Кукке қарсы өткізіп, тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Осы жеңісінің арқасында отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

 

 

Соңғы жаңалықтар