ОҚО ардагерлері өңірдегі бірқатар зауыттың жұмысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының 80-ге жуық ардагері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көрді. Ондағы мақсат – ардагерлерімізді облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстармен хабардар ету болатын.

Егемен Қазақстан
14.11.2017 1005

Ардагерлер ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «БалТекстиль» ЖШС-нің кілем фабрикасына атбасын бұрды.  Іргетасы 2012 жылы қаланған фабрика бүгінде Орта Азиядағы кілем өндіретін ең ірі өндіріс ошағы саналады. Бүгінде мұнда 235 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі  таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталуда.  Кәсіпорын басшылығының айтуынша, биылдың өзінде зауытқа  шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан асыпты.  Фабриканың жіп иіру цехы мен кілем тоқу бөлімдерін аралап   көрген ардагерлер кәсіпорын жұмысына оң бағасын берді.

«Қоғамның қазынасы,  ақылшысы – ардагерлер. Осыны ескеріп, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырған өңір басшысына алғысымыз шексіз. Облысымыздың экономикалық ахуалы күн санап жақсарып келе жатқынын байқап, біліп отырмыз. Сонда да зауыттарды өз көзімізбен көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың куәсі болуымыз біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі жерде біз ардагерлер жер-жерлерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттап, халықты ынтымақ, бірлікке үндеуіміз керек», - дейді Қазақстанның құрметті журналисі, зейнеткер Байдулла Қонысбек.

Ардагерлер атбасын бұрған екінші нысан -  «Оңтүстік» индустриялды аймағындағы «Еврокристалл» шыны зауыты болды. Мұнда жылына 300 млн дана шыны құты шығарылады. Өндіріс ошағы әлемнің озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір 150-ге жуық  азамат жұмыс істейді. 

Мұнан соң ардагерлер «Tectum Engineering» шифер өндіру зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 2,3 миллион дана шифер өндіреді. Жоба құны 1.9 млрд теңгені құрайды. «Хатчек» әдісімен шифер шығаратын зауытта 200 адам жұмыспен қамтылған. Ал шығарған өнімдерінің 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, қалғаны Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталады.

 «Оңтүстік» индустриялды аймағындағы көрме орталығы да ақсақалдардың назарынан тыс қалған жоқ. Зауыт жұмыстарын өз көзімен көрген қариялар кәсіпорын басшыларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2018

Әсет Исекешев: Астанаға мыңдаған турист тартудың жоспары әзірленіп жатыр

19.01.2018

Елбасы Н.Назарбаевтың БҰҰ ҚК төрағасы ретіндегі мәлімдемесі (толық мәтін)

19.01.2018

Президент Назарбаев әлемнің өзге елдеріне үлгі көрсетті – АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хэйли

19.01.2018

Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құруды жалғастырудың маңызы зор – Елбасы

19.01.2018

Н.Назарбаев Солтүстік Корея мәселесін жылдам әрі конструктивті жолмен шешуге шақырды

19.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев сенім шараларының маңызын атады

18.01.2018

Елбасы адамзат жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алатынына сенім білдірді

18.01.2018

Елбасы ядролық қаруды таратпауға қатысты бірқатар жүйелі шаралар ұсынды

18.01.2018

Елбасы: Құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлемге бірлесе қол жеткізуіміз керек.

18.01.2018

Әзербайжан елшілігінде 1990 жылы Бакудегі қанды оқиғаға арналған көрме өтті

18.01.2018

Иранмен ядролық мәміленің орындалмауы алаңдатарлық ахуалға айналады  - Сергей Лавров

18.01.2018

Польша Президенті: Қазақстан ядролық қауіпсіздікті қолдау жолында маңызды қадамдар жасады

18.01.2018

Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы басталды (онлайн)

18.01.2018

Айдын Смағұлов Дзюдодан ұлттық құраманың бас жаттықтырушы болып тағайындалды

18.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты

18.01.2018

«Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобустың жолақысы арзандады

18.01.2018

«Нұр Отан» партиясының фракциясы Елбасы Жолдауын іске асырудың жоспарын қабылдады

18.01.2018

Бейнеу ауданында 188,9 млн теңгеге 8 жоба несиеленді

18.01.2018

ОҚО-да «Оңтүстік қолөнершісі» жобасы жүзеге асырылады

18.01.2018

Ақтауда 2,1 млрд теңгеге экоқалашық салынады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу