Қазақстан • 14 Қараша, 2017

Астанада үш күнде 2600-ден астам адам жол ережесін бұзды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жүргізілген үш күндік «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде жолда жүру ережелерін бұзудың 2600-ден астам оқиғасы анықталды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласында 9-11 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасы өткізілген болатын. Оның мақсаты: жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жоғарылату, жол көлік оқиғаларының санын азайту, жолда жүру ережелерін бұзудың алдын алу.

«Жедел алдын алу шарасының барысында апаттық жағдайды туғызудың 21, қауіпсіздік белдеуін тақпаудың 229, бағдаршамның тыйым салу белгісіне жүрудің 82, көлікті мас күйінде жүргізудің 25, маневр жасау қағидаларын бұзудың 82, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 201 оқиғасы анықталды. Айыппұл тұрағына 36 көлік жеткізілді. Белгіленбеген жерде жолдан өткен 202 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар