Спорт • 16 Қараша, 2017

Халықаралық гроссмейстер Қаржы министірлігінің қызметкерлерімен шахмат ойнады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың атақты шахматшысы Дəрмен Сәдуақасов Қаржы министірлігінің 25 қызметкерімен бір уақыттық ойын сеансын өткізді. Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізілген іс-шараның басты мақсаты шахмат ойынын дəріптеу.

Халықаралық гроссмейстер Қаржы министірлігінің қызметкерлерімен шахмат ойнады

ҚР Қаржы министірлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Тортаев «Шахмат - ойлауды дамытатын, жағдайды бағалауға, қаржылық жүйенің қызметкерлеріне қажетті дағдыларды, шеберлікті және стратегиялық ойлауды талап ететін ойын екенін» - атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша халықаралық гроссмейстер Дармен Сәдуақасовпен өткен шахмат ойынына белсенді қатысқан үздік шахматшылар Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Еркебұлан Жомарт

Соңғы жаңалықтар