Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Егемен Қазақстан
17.11.2017 267

Әдетте коммерциялық ки­ноның көздейтіні де, басты мақсаты да – қаражат, тек қаражат табу ғой. Қайткен күнде де көпшіліктің аңсарын ауғызып, кинотеатрларға көрерменді көбірек жинау. Залдар лық толған сайын, көздегені де жақындай түседі.

Кәдуілгі базардағы сатушы дерсіз. Сатушы тұтынушының көңілін таба алатындай неғұрлым ептірек, пысығырақ болса, соғұрлым оның жанына адам жиналғыш келеді. Адам көбірек жиналса, тауары да жылдамырақ сатылады. Ең бастысы, сатушы ептілеу болған сайын, қандай тауардың өтімді екеніне және тұтынушы психологиясының қыр-сырына мейлінше қанық деген сөз. Тіпті тауары сапасыздау болса да, бетін сүртіп, жылтыратып қоюы мүмкін. Әйтеуір сатылып кеткенше, уақытша болса да, өңін жоғалтпаса соның өзі жетіп жатыр. Бүгінгі біздің коммерциялық кино мен көрермен арасындағы байланыс кейде осы сатушы мен тұтынушының ара-қатынасын елестетеді. 

Жуырда «Хабар» телеарнасында көрсетілген бір бағдарламада соңғы екі-үш апта бойы прокатта жүріп жатқан коммерциялық фильмнің («Брат или брак») продюсері: «Қазіргі көрерменнің сұранысына сай фильм түсіруге тырысамыз» деді. Шынында, бүгінгі көрерменнің сұранысы қандай? Әлбетте бұл сұрақтың жауабын «көрерменнің сұранысына сай түсірілген» сол фильм­дердің өзінен табатынымыз хақ. Нақтырағын айтсақ, қазіргі таңда елі­мізде түсіріліп жүрген коммерциялық фильмдердің көрермені мен оның талғам-талабы, сұранысы телеарналардағы ойын-сауыққа құрылған түрлі бағ­дар­ламалар, әзіл-сықақ театрларының қо­йы­лымдары, телесериалдар, шетелдік түрлі жанрдағы коммерциялық фильм­дердің «шекпенінде» тәрбиеленіп шықты деуіміз керек.  Яғни, қазіргі коммерциялық фильмдер – еліміздің соңғы жылдардағы аудио-визуалдық кеңістігінің жалпы көрінісі. 
Байқағанымыздай, коммерциялық фильм, көрермен сұранысы, аудио-визуалдық кеңістік бірін-бірі әсер етіп, өзара байланысып жатыр. Көрерменнің басым көпшілігінің назары да осы фильмдерде. Өйткені өзге фильмдерге қарағанда, олардың алты қырдан асып, жетінші қырға барып жығылатын мықты жарнамасы бар. Кинотеатрларда ғана емес, кейбірі тіпті телеарналардан көрсетіліп, бағдарламалар ұйымдастырылады, мақалалар жария­ланып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланады. Нәтижесінде, жақсы жарнаманың көмегімен, ол фильмдердің көрерменге жетуіне мүмкіндік молынан туып жатады. Тіпті, соңғы кездері көпшілік үшін қазақ киносы осы коммерциялық фильмдермен шектелетіндей әсер қалдырады. 

Бұған қуануымыз керек пе, әлде ойланатын мәселе ме? Қуанайын десең – телеарналар мен шетелдік, әсіресе америкалық дүниелердің ықпалымен дүниеге келген бұл фильмдердің көп­шілігі кинотеатр залында отырған кө­рерменнің қолындағы попкорн мен кока-коланы еске түсіреді. Екеуінің де дәмі тәтті секілді, бірақ зияны болмаса, еш пайдасы жоқ. Нәрсіз. Махаббат тәлкегін арқау еткен сол баяғы таптаурын сюжет, ертелі-кеш отандық телеарналардың экранынан түспейтін әзіл-сықақ театр­ларының актерлері, КВН ойыншылары, әншілер, бір фильмнен екіншісіне «көшіп жүретін» «жұлдыздар», дөрекі әзілдер мен ыржалақ күлкілер, көшенің сөзіне құрылған мәнсіз диалогтар, шұбалаңқы тіл... Осындай дүниелердің көрермен тарапынан «қазақ киносы дамып бара жатыр» деген мағынадағы пікірді айтқыздыруының өзі шын мәнінде алаңдатады. Әлбетте, тек қаражат табуды көздейтін дүниеден үлкен өнерді талап етудің өзі ақылға қонымсыз екені белгілі. Осы тұста біздің аудио-видео кеңістігімізде жақсы киноға (кино ғана емес-ау, жалпы өнер мен әдебиетке) деген жарнаманың жоқтығы білінеді. Кино туралы танымдық бағдарламалар жоқтың қасы. Әзірге көпшілік сұранысын жаңағыдай коммерциялық фильмдер өтеп, талғам-талабын тәрбиелеп отыр. Ал енді сол коммерциялық фильмдерге қарап, бүгінгі телеарналарымыздың да жағдайын сезуге болады. Өйткені екеуінің де көздегені бір-бірімен үндесіп жатыр. Бірі қайткен күнде көрерменді кинотеатрға тартып, қаражат табу, екіншісінікі – қандай жолмен болса да, әйтеуір рейтингті жаулау. Түпкі мақсат – бір. Көрермен. Және ең қызығы – екеуі де бір-бірінің көрерменін «дайындап», біріне-бірі «қызмет» етіп отыр. Шынында осы екі ортадағы көрерменді бейнебір күштінің қолында кететін «көкпардың лағы» дерсіз. Сондықтан коммерциялық кино мен көрермен сұранысы туралы мәселе қозғалғанда, рухани кеңістігіміздің өзге салаларымен бірге кешенді түрде қарастыруды талап етеді.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ,
кинотанушы, өнертану кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2017

Қостанайдың Жітіқара ауданында заманауи астық сақтау  қоймасы ашылды

14.12.2017

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

14.12.2017

Студенттер «ақылды үйде» тұрады

14.12.2017

Болашақ журналистер «Егемен Қазақстанда» қонақта болды

14.12.2017

Келіншектің баласы (баллада)

14.12.2017

Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті

14.12.2017

Қостанай облысында шалғай ауылға су құбыры тартылды

14.12.2017

«Алаш жолы» атты кітап жарық көрді

14.12.2017

Қостанай облысында екі бірдей елді мекенге көгілдір отын келді

14.12.2017

Тәуелсіздікке тарту: Созақта жаңа 6 нысан пайдалануға берілді

14.12.2017

Сенат комитеті Кеден кодексінің жобасын қарады

14.12.2017

Халифа Алтайдың жары өмірден өтті

14.12.2017

Меморандум мақсатына жете алмады

14.12.2017

Тележурналист, майталман дубляжшы, режиссер Әсемғазы Қапанұлы қайтыс болды

14.12.2017

Валерий Карпин Павлодарға келді

14.12.2017

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті

14.12.2017

Түпқараған ауданының ахуалы айтылды

14.12.2017

Марат бастамашы болған марафон

14.12.2017

«Қансонар» қанат жайып келеді

14.12.2017

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Елуден кейінгі өмір

Қазіргі қоғамымызда қызықты өзгерістер жүріп жатыр. Соның бір­азы адам жасына да қатысты.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Билер соты

Ұлы Дала өркениеті тарихында Билер сотының құқықтық, саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени, рухани-дүниетанымдық, ұлттық-халықтық, философиялық құн­дылықтары айрықша. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу