Тәртіп пен жазу

...Жазудың, еңбектің тұрақ­ты­лығы жазушы үшін әрқашан бере­келі болған. Белгілі бір уақытта ға­на жазсаң, қанша күшіңді сақ­тай­сың!

Егемен Қазақстан
17.11.2017 3816

Поль Валери секілді таң­сәрі­де болсын, кешкі бесте я түс­тен кейін ғана төсегінен тұра­тын Ла­мар­тин­ге ұқ­са, тіпті көп жазу­шы­ның сү­йік­ті уа­қытына айналған түн ор­та­сын­да жазсаң да тұрақты бол­саң жете­ді. Біздің заман жазушы­ларды түн­­де жазуға мәжбүрледі десек, қа­те­ле­сер едік. Vigiliae noctae – түн­гі сер­гек­тік, рефрен секілді көп­те­ген жазу­шылардың өмірінде қай­таланған. 

Бюффон, Гете, Вальтер Скотт, Виктор Гюго, Бодлер, Флобер­лер ше­неу­ніктің жұмысына кел­ге­нін­­дей уақытылы жазу үстелі­не оты­ра­тын. Бұлай жұмыс істеу­ді әдеті­не ай­нал­дырған жазу­шы­лардың ті­зі­­­мін жаса­­сақ, тіпті ұзап кетер еді. Бі­­рақ солард­ың бәрі ә деген­нен-ақ тәр­­тіп­пен жұмыс істе­меген. Тұ­­­рақ­­­­ты жазу уақыт өте келе қа­лып­­­­та­­­сып, жазушы қаламы төсе­­ліп, клас­­­сика­лық шығармалар кез­­­дей­­­соқ, «ба­қытты» сәттерде жа­­зыл­­­­май­­­ты­­нын толық сезінгенде беки түс­­­­кен. Әде­биет тарихындағы әр жа­у­­­һар туын­­­дының ар жағында тө­зім мен ең­бекке толы машақатты жол жатыр.

Ал егер жоспарланған уақытта ойың сан-саққа жүгіріп, жазуға құлық та, күш те жоқ болса не істей­сің? «Отыр» дейді Метерлинк, және өзі де үш сағат бойы ештеңе жазбай, теме­кі тартып қана уақытын өткізсе де, жазу үстелінен тұрмапты. «Ал мен болсам, ақ парақты алып ал­ғаш­қы сөйлемді жазамын. Менің сөй­лем­дерім мысық сияқты, қалай жаз­сам да төрт аяғы тең түседі. Ал­­ғаш­­қы сөзге ой тіркесіп қалам жүре кетеді», дейді Теофиль Готье өзі туралы. 

Ерекше темпераментті, арын­даған, эйфорияға икемді жазушы­лар да болады. Алқынған бұлақ сияқ­ты қаламдары мүлгуді біл­мей­ді. Өкінішке қарай бұндай жазу­шы­лардың шығармашылық мейрамдары жазған дүниелерін салқын ақыл­мен қайта оқығанда көңілсіз аяқ­талып жатады. Егер де осыдан ке­йін тоқмейілсулері басыл­маса, өз шы­ғармасына сын көз­бен қарай ал­мағаны үшін жақсы ат­тан айырылып тынады.

Ең нашар жазушының өзі ойына келген сөз бен кейіпкерден бас тартпайды. Түннің бір уағында тұрып бол­са да жазады. Тіпті ештеңе жаза ал­ма­ған күннің өзінде ке­йін бәрін рет­ке келтіру үшін, ой тап­­шылы­ғы­нан, жұтаңдығынан құты­лу үшін тәртібін бұзады.

Жазушылықта қатып қалған ештеңе жоқ. Дүниеде қанша жазушы болса, жазудың сонша әдісі бар. Жазу әдісі бірдей екі жазу­шыны табудың өзі қиын шы­ғар. Ең жаманы оқырман қолына да­йын кітапты алғанда, оның қа­лай дүниеге келгені туралы еш­қашан ойланбайды. Ертеңін жазу­шы­лықпен байланыстыратын жастар­дың да осы жазу еңбегі туралы ой­лан­байтыны қиын. Олардың көз алдына болашақ жұпар аңқы­ған раушан гүліндей елестейді. Қол­ы­на қалам алып, еңбектенуге кіріс­кенде, ештеңенің қиялдағыдай емес екеніне көздері жетеді. Сол кез­­де әлсіздер беріледі де, жазу­шы бо­ла­тындар раушан гүлін тіке­нек­тері­мен қоса қабылдайды. Бірде жас Мопассан Флобердің жазу үс­тін­дегі күйін көріп, өмірлік сабақ а­л­ған­дай болыпты. Қан қысымынан жүзі сұрланып, қызарған көзімен қолжазбаға әр сөзбен, тіркесті мүлт жіберіп алмайын деп үңілген қал­пы олжасын мұқият көздеп тұр­ған аңшыдан айнымапты, әріпке де­йін мұқият зер салуының өзі ойд­ың ырғағын бұзғысы келмеген ғажайып сезімталдықтан хабар бе­ріп тұрғандай. Сосын өте баяу жаза бас­таған. Жазған, өшірген, қайта жа­зып, сызған, бел ортасынан аямай сызылған жолдың үстінен басы­нан жазып, ұнамаса сызудан жалық­пай, көлденең тұрған бос жер­лерге дейін ойын түсірген. Беті діріл­деп, қабағының үстінен шым-шым тер ағып, мойны созылған. Кәрі арыстан ой мен сөздің арасында арпалысып отырғандай. 

Мұндай тым ауыр көрініс психо­логия­­дан гөрі, шығарма­шы­лық физио­ло­гияға жатады. Бұл тақы­рыптың өзін­де өте қызықты трактат жазуға бо­лар еді. Тыным­сыз, тұрақты еңбек үс­тіндегі жазушы болмысының, түр-сипатының қалай өзгеруі де бел­гілі дәрежеде шығармашылыққа әсер ететінін де айтпай кетуге болмас. 

Ян Парандовскийдің
«Сөз алхимиясы» 
кітабынан аударған 
Бағашар Тұрсынбайұлы,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу