Медицина • 17 Қараша, 2017

Адасқанның айыбы жоқ...

744 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Теріс діни ағымдардың әлі де болса оңы мен солын айыра қоймаған жеткіншек ұрпақ өкілдеріне тигізетін зардаптары аз емес. оның жетегінде кеткендердің көп кешікпей-ақ қара ниеттілердің қол шоқпарына айналып шыға келетін сәттері де кездесіп тұрады. 

Адасқанның айыбы жоқ...

Бүгінгі күні ондайлардың бетін бері қаратудың сан алуан әдістері мен тәсілдері қолданылып жүр. Бұл ретте теолог-мамандардың да тындырып жүрген істерін жоққа шығаруға болмайды. Біз таяуда о баста теріс діни экстремистік жолға түсіп, алайда кейін өзінің адасқанын түсініп, дәстүрлі ислам дініне бет бұрған сүліктей жігітпен кездесіп қалған болатынбыз. 

– Қателеспесем, ІІ курста оқып жүрген кезім еді. Осы тұста дін­ге деген қызығушылығым оянып, өз бетімше ислам жайлы уа­ғыздарды тыңдауға әуестігім ауа берді. Кейін қаладағы «Нұр­дәулет» мешітіне таяу дүң­гіршектердің бірінен «Намаз оқып үйренейік!» деген кітапша са­тып алып, онда айтылған та­лап­тарды бұлжытпай орындай бастадым. Әуел баста осы кітап­тан көңілге түйгенім бойынша намаз оқып жүрдім. Бірақ кей­ін бірер намазхан бауырларым бұ­лай оқу дұрыс емес деді. Сөйт­ті де, өздерінің оқылу тәр­тібін үйретті. Солардың ай­туы бойынша, намазды қай­та-қайта қол көтеріп оқуға әдет­тен­дім. Әминді дауыстап айта­тын болдым. Сақал қойып, балақ­ты қысқарттым. Әйелім де арнайы ниқаб кимесе де, орамалының шетімен бетін жауып, бүркеніп жүрді. Қазір ой­­лап отырсам, бастапқыда біз­дер­де сыртқы келбетке деген елік­теушілік басым болған си­яқ-
­ты. Солар не жасаса, соны қай­таладық. Діннің дұрысы осы деп ойладық. Бір жағынан, исламды енді тани бастағаныңда кез келген ақпаратты тез қабыл­дау­ға бейім тұрасың ғой. Әрі ол кезде діни сауатымыздың деңгейі де өте төмен еді.

Рас, білім алуымызға ешқан­дай кедергі болған жоқ. Басында ді­ни кітаптарды сатып алып он­дағы неке, исламдағы отбасы жә­не сахабалардың өмірі жайлы та­рау­ларды оқитынмын.  Бірақ мешіттегі имамдардан арнайы сабақ алған емеспін. Мүмкін оған бұған дейінгі ортам әсер еткен шығар. Себебі олар имамдарды тыңдамаңдар деп үнемі айтып отырушы еді. 

Әлгі өзіңіз айтқан ортаның бұрыс жолда екендігіне қалай көз жеткіздіңіз деп сауал қойдық біз оған дәл осы арада. 

– Былтыр күзде Ақтөбеге бі­раз теолог мамандар келіп, жа­ма­ғат арасында түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізді. Сонда Бауыржан Әлиұлы есімді ұстаз менімен жеке сөйлесті. Намазды қалай оқисың, дәретті қалай аласың деп сұрады. Бәрін жасырмай айттым, қарсылық танытқан жоқпын. Кейін ол мәзһаб ұстану керектігін айтты. Маған бұрын намаз үйреткен жігіттер адасып жүр деді. Олардың тек намазда емес, Алланы тануда да қа­те­лік­тері бар екен. Алланы адам­ға ұқсатады. Оған ағза, мекен бе­реді дегендей. Шы­ны керек, бұл мәселеде менің бі­лі­мім аз. Осы уақытқа дей­ін ол туралы еш­­кіммен тарты­сып та көр­меп­пін. Ал Бауыр­жан де­ген ұстаз маған осы­ның бә­рін тү­сіндірді. Алла еш­бір жа­ра­ты­лыс­қа ұқса­ма­й­­тын­ды­ғын, Оған ағ­за беру дұ­­рыс емес­тігін айт­ты. Ал­да­ғы уа­қытта сау­ал туын­да­ған жағ­дай­да хабар­лас, деп өз телефон нөмірін қал­дыр­ды.

Осы кездесуден кейін көп ойландым. Онсыз да соңғы кезде намазхан таныстарымның кей­бір істері маған ерсілеу болып кө­­рі­нетін. Суннамен жүреміз дей­ді, бірақ екі сөзінің бірі бы­ла­пыт-боғауыз. Кейбіреуі анаша шегеді деп те еститінмін. Қа­рыз алса, қайтармайды. Көз­де­рін­де түк мейірім жоқ, адамға оп-оңай жала жаба салады. Ес­туімше, Ақтөбе, Алматы қа­ла­ла­рындағы террорлық іс-әре­кет­терді ұйымдастырғандар осы­лардың уағызын тыңдаған екен. Шыны керек, осыдан кейін олардан жиреніп кеттім. Істері мұсылманшылыққа мүлдем жат көрінді. Суннамен жүреміз дегендері бос сөз екеніне әбден көзім жетті.

Қазіргі таңда да теологпен байланысымды үзген жоқпын. Оның үстіне қазір өзіме керек ақ­паратты мешіт имамдарынан сұрап-біліп жүрмін. Жуырда Қазақстан мұсылмандары ді­ни басқармасының  өкіл има­мы Төлеби Оспанның қабыл­дау­­ында болдым. Екеуміз бір­ша­ма әңгімелестік. Сол кезде кө­кейі­мде жүрген көптеген сауал­дар­дың жауабын тапқандай күй кеш­тім.  «Браттар» айтқандай, имам­дар жаман адам емес екен. Керісінше, ол кісіден жа­на­шырлық пен достық ілтипатты көр­дім. Өңірдің бас имамы ме­ні діни сауатымның деңгейін кө­теруге шақырды. Қазіргі таң­да «Нұр ғасыр» мешітіндегі дін­и­ сау­ат ашу курсына барып, ұс­таз­­дардан сабақ алып жүрмін. Негізі қалада тұрмаймын. Жеке көлігім болғандықтан, ауылдан қатынаймын. Өйткені ді­ни бі­лімнің қажеттілігі мен ма­ңыз­дылығын түсіндім. 

Үйде төрт ағайындымыз. Анам мен жұбайым ғана намаз оқи­ды. Екеуі де мәзһабты ұс­та­нып жүр. Әйелім қазір бұ­рын­ғы­дай бетін бүркемейді.
Қазір дәстүрлі дінімізге жа­ңа­дан бет бұрып жүрген жас­тар­ға тиіп-қашпай, жүйелі түр­де білім алу керек дегім ке­леді. Мешіт имамдары мен тео­­-
л­огтардың айтқандарына кө­ңіл қойғанның ешқандай артық­шы­­лығы жоқ деген түйінге та­бан тірегім келеді. Елімізде дін, ар-ождан бостандығына Ата Заңымыз бойынша толық рұқ­сат пен еркіндік берілген. Әрі еш­кім де намаз оқыма, дінді ұс­тама демейді, соның қадір-қа­си­етін түсіне білуіміз керек деп аяқ­тады ол өз әңгімесін.

«Адасқанның айыбы жоқ, қай­тып үйірін тапқан соң» деген халықтық қағида осындайда айтылса керек. Сондықтан өзі­нің қателескенін түсініп, оны өзгелердің қайталамауын өті­н­ген өрімдей жігіттің басы­нан кешкен шырғалаң жайттар өз­гелерге де ой салсын де­ген ни­етпен оны газет оқыр­ман­да­рының назарына ұсы­н­ғанды жөн көрдік.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ