Аймақтар • 17 Қараша, 2017

Атыраулықтар несиені көп алады

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық статистика департа­ме­нтінен алынған дерек бойынша, Атырауда биылғы тоғыз айдағы бөлшек сауда айналымы 187,6 млрд тең­геге жеткен. Бұл өткен жылдың сәй­кес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пай­ызға артық. 

Атыраулықтар несиені көп алады

Банктердегі қолма-қол ақша қоз­ғалысы бойынша кіріс-шығыс опе­­рацияларының сомасын­да да өсім байқалады. Оған ком­мер­ция­лық мекемелердің қызметтері, ше­тел валютасын сатудан, же­ке тұлғалармен жасалатын ауда­рым­дардан түскен сомалардың көбеюі себеп болып отыр. Ал шығыс операцияларының сомасы заем­дар, жеке тұлғалар аударым­да­рын беру, еңбекақы, зейнетақы және жәр­демақы төлеу, банкоматтарды ны­ғай­ту есебінен артты.

Өңір тұрғындарының қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мән бере бастағаны байқалады. «Соның нәтижесінде көрсеткіш 52,2 %-ға көбейді және 52,9 млрд теңге сомасына 2,9 млн транзакция болды. Бұл республика бойынша барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінің 3,2 пайызы», дейді Ұлттық банктің Атырау филиалының басшысы Айнұр Көшербаева. 

Облыс бойынша депозиттер 12 %-ға өскен. Қазір банк филиал­да­рын­дағы салымдар 331,3 млрд теңге болды, бұл республика бойынша банктердің депозиттік базасының жалпы көлемі­нің 3%-ы. Сондай-ақ несие портфеліне қатысты көрсеткіштерде де өзгеріс бар. Бір ғана тұтынушылық мақсатта берілген несиелер 75,5 пайызға артып отыр. 

«Биыл заңды тұлғаларға – 134,9 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 187,7 млрд теңге несие берілді.Өт­­­кен жыл­дың сәйкес кезеңімен са­лыс­ты­р­ғанда ол заңды тұлғалар бе­ре­шек­терінің азаюы есебінен 0,2 %-ға тө­мендеді. Заемдар заңды тұл­ға­­лар­ға экономиканың өнеркәсіп, кө­т­­ер­ме және бөлшек сауда, авто­кө­­­лік құралдарын жөндеу салала­ры бой­­ынша, жеке тұлғаларға тұты­ну мақ­сатында берілген», дейді А.Кө­шер­баева. 

Жалпы, аймақта сыртқы эконо­ми­калық қызметпен айналысатын 910 шаруашылық субъектісі Ұлттық банк филиалына төлем балансы бойынша есеп тапсырады. Жыл басынан бері қаржылық қызметтерді тұты­ну­шы­лардың құқықтарын қорғау мәсе­ле­лері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 125 өтініші қаралды, оның 105-і облыс тұрғындарынан түскен. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ