Қазақстан • 17 Қараша, 2017

«Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды

986 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Әдебиет порталында» онлайн түрде «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланып отыр.

«Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды

Аталған конкурс ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу; қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау; қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату; ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру; жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту; ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды жүзеге асыру мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді.

Конкурстың жүлдесі қомақты және төмендегі номинациялар бойынша жарияланып отыр:

- проза жанры бойынша: роман, повесть – Гран-при - 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге;

 

- проза: әңгіме, эссе – 2 млн. теңге; Гран-при - 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге;

 

- поэзия: поэма – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге;

 

- поэзия: топтама өлеңдер – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге;

 

- драматургия – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге;

 

- әдеби сын – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге;

 

 - поэзия (балаларға арналған өлеңдер) – 2 млн. теңге Гран-при – 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге;

 

- проза (балаларға арналған прозалық шығармалар) – 2 млн. теңге. Гран-при – 2 млн. теңге;

1 орын – 1 млн. теңге.

 

Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен қатысуды ресімдеу, конкурс нәтижесін қорытындылау туралы шарттармен «Әдебиет порталының» http://adebiportal.kz/kz/ruh «Арнайы жобалар» айдарынан егжей-тегжейлі таныса аласыз.