Футбол • 17 Қараша, 2017

Саян Хамитжанов: «Астананың» чемпиондығы заңды құбылыс

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубының бас менеджері Саян Хамитжанов чемпиондық марапат кезінде команданы қолдағандарға алғысын білдірді.  

Саян Хамитжанов: «Астананың» чемпиондығы заңды құбылыс

— Біздің команда алдына қойған мақсаттарын орындап шықты. Биыл төртінші рет қатарынан ел чемпионы атандық. Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеттік. Сондай-ақ, көктемгі бөлігіне де шығуға мүмкіндігіміз бар. Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап жүрміз деп айта аламын. Осы жеңістердің барлығына Әділбек Жақсыбековтың, Дархан Кәлетаевтың, Өмірзақ Шөкеевтің қосқан үлестері зор. Футболшылар мен бапкерлерге алғысымды білдіремін. Маусым бойы жеңіспен қуантқандарыңыз үшін рахметімді айтамын, деп ағынан жарылды клуб басшысы.