19 Қараша, 2017

Елордада көлік қозғалысына байланысты ерекше акция өтті

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Жергілікті полиция қызметі Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, арнайы науқан өткізді.

Елордада көлік қозғалысына байланысты ерекше акция өтті

Акция барысында полицейлер жол апатына ұшыраған бірнеше көлікті эвакуаторларға тиеп, негізгі үлкен көшелермен жүріп өтті.

Осындай шара арқылы полицейлер қоғамның назарын жол апаттарының салдарына аударғысы келген. Олардың пайымынша, жол жүрісіне қатысушылар өзара іс-қимыл жасауға, жол қауіпсіздігін сақтау мен жүргізуші мәдениетін арттыруға септігін тигізбек. Қазақша айтқанда тәубелеріне түсіп жүрсін дегендік қой.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі бұл шара «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» кең ауқымды республикалық науқаны аясында ұйымдастырылғанын айтты.