Қайрат Әбдірахманов жұмыс сапарымен Лондонға барды

«Жоғарғы деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында экономиканы жаңғырту, инвестициялар көлемі мен екі ел арасындағы сауда айналымын өсіру мақсатында Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестігін одан сайын нығайтады», - деп мәлімдеді 20 қарашада Лондонға жұмыс сапарын бастаған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Егемен Қазақстан
21.11.2017 3416
2

Форин-офистегі кездесу барысында Қазақстан СІМ басшысы мен оның әріптесі Борис Джонсон Қазақ-Британ Стратегиялық диалогінің кезекті отырысын өткізді. Қ. Әбдірахмановтың айтуынша, қазақ-британ дипломатиялық ынтымақтастығының орнатылуынан бері 25 жыл бойы Ұлыбритания қазақстандық экономика мен адами әлеуеттің дамуында маңызды рөл атқарып отыр. Ел қазақстандық экономикадағы ең ірі инвесторлардың алтылығына кіреді (12 млрд. долл. астам инвестициялар салынған) және Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі (2016 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 1,2 млрд. долл. құрады, 2017 жылдың 9 айы бойынша 1 млрд. долларға жуықтады) болып табылады. Бүгінгі күні британдық тәжірибе «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құруда белсенді түрде қолданылуда. Мыңдаған қазақстандық студенттер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары жыл сайын британдық жоғары оқу орындарында білім алуда.

Бүгінгіде Қазақстанның экономикалық дипломатиясы бірінші кезекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауын іске асыруға, соның ішінде экономиканы технологиялық тұрғыда қайта қаруландыруға бағытталған. Оны жақын арада өтетін екіжақты үкіметаралық комиссия мен іскер тобының отырыстары, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, АХҚО, «Қазақстан инвест» Ұлттық компаниясы желілері бойынша іс-шаралар көздеп отыр.

Тараптардың пікірінше, трансеуразиялық көліктің дәліздерді дамыту мен заманауи кезеңде Ұлы Жібек жолын қайта құру ынтымақтастықтың перспективалық бағытына айналуы қажет. Бұған жақсы үлгі ретінде осы жылдың қаңтарында Қытай мен Ұлыбритания арасындағы тікелей, соның ішінде Қазақстан аумағын кешіп өтетін, контейнерлік пойыздың іске қосылуын жатқызуға болады.

Б. Джонсон Қазақстанның Ұлыбритания үшін үлкен маңыздылығын атап өтіп, Лондонның Астанамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетін білдірді.

Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов пен Б. Джонсон жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, оның ішінде Қазақстанның 2018 жылғы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы, Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесі, Ауғанстандағы жағдай, Украина жөніндегі Минск келісімдерін жүзеге асыру, терроризмге қарсы әрекет, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық және т.б.

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Орталық Азияның тұңғыш елі болады. Жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміттіміз», - деді британдық министр.

Екіжақты жоғарғы деңгейдегі байланыстарға ерекше назар аударылды. 2016 жылғы Ханчжоудағы (ҚХР) «Ұлкен жиырмалық» (G20) саммиті аясында Президент Н. Назарбаевтың Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен кездесуі екі ел көшбасшыларының стратегиялық әріптестікке қолдау көрсетуінің айқын дәлелі болып табылады. Мемлекет басшысының 2015 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін берді. Оның барасында 12 млрд. доллардан аса сомаға ірі келісімдерге қол қойылды.

Қ.Әбдірахманов Қазақстанда жоғары технологиялық жобаны пысықтаған британдық «Metalysis», және АХҚО-мен белсенді ынтымақтасып жатқан «TheCityUK» компанияларының басшылығымен, сондай-ақ 2016 жылғы Қазақстанға сапарын жылы еске алған «Financial Times» газетінің бас редакторы Лайонел Барбермен де сол күні кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы Халықаралық қатынастар бойынша еуразиялық кеңестің (ХҚЕК) Қамқоршылық кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты. 2014 жылы құрылған Кеңес Орталық Азия мемлекеттерінің даму мәселелерін және олардың еуропалық елдермен қатынастарын зерттеуге мамандандырылған тәуелсіз талдамалық орталық болып табылады. ХҚЕК қажет етілетін «ақыл орталығы» беделіне ие, оның сараптамалық бағаларына Батыс елдерінің Орталық Азия аумағы бойынша мемлекеттік саясат пен экономикалық жобаларға әсер ететін құрылымдарда құлақ асады. Атақты саясаткерлер мен дипломаттар, еуропалық елдердің бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, Еуропа мен Орталық Азия байланыстарын нығайтуға қолдау білдіретін ғалымдар мен сарапшылар ХҚЕК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері болып табылады.

Қ. Әбдірахмановтың беделді аудитория алдында сөйлеген сөзінде атап өтілгендей, «Қазақстан инвестициялық климатты одан әрі жетілдіруде айтарлықтай жұмыс атқаруда, және біз еуропалық, оның ішінде британдық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз». Осы жылы Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның 36 орынға иеленгені, бұл ретте еліміздің экономикасындағы тауар айналымы мен инвестициялардың орта шамамен 50 пайызына дейін қамтамасыз ететін Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық әріптесі мен инвесторы болып табылатыны басып айтылды. Отырыс барысында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Еуропамен қатынастарын одан әрі дамытуға тұжырымдамалық тәсілдері, көлік, логистика, энергетика, қаржылық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Еуразияның ортасындағы Қазақстанның ерекше геоэкономикалық орналасуы, оның өз транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жүйелі күш-жігерлері мен Белдеу мен Жол бағдарламасын табысты іске асыру үшін елдің маңызды рөлі атап өтілді.

ҚР Сыртқы істер министрінің Лондонға екі күндік сапарының бағдарламасы 21 қарашада жалғасады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу