Әлем • 23 Қараша, 2017

Еуропаның бі­раз бөлі­гін Ресейден таралған радиациялық бұлт тор­лады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарашаның басында Фран­ция­ның ядролық және ра­ди­о­-активті қауіптер жөнін­дегі қо­ғамдық сараптама орта­лы­­ғының (IRSN) Еуропаның бі­раз бөлі­гін шығыстан келген ядролық бұлт тор­лағаны жө­нін­де мәлімет таратқан бола­тын. 

Еуропаның бі­раз бөлі­гін Ресейден таралған радиациялық бұлт тор­лады

Франциялық орталық қау­іп­ті қал­д­ық­тың Ресей немесе Қазақстан та­ра­пы­нан келгенін бол­жаған-ды. «Рос­гид­ро­мет» ра­диациялық лас­та­нудың Орал тауынан, яғни Ресей терри­то­риясы­нан таралғанын мә­лім­деді.

The Guardian басылымы радио­ак­тивті изотоптың жо­ғар­ғы деңгейі 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Че­ля­­бі­дегі Аргаяш ауылының ма­ңын­да тір­­келгенін хабарлады. Газеттің дерект­е­ріне сүйенсек, ауаға тараған рутений-106 изотобы қалыпты жағдайдан 986 есе артып кеткен.

«Мәлімдемеде ластанудың таралу ай­мағы нақты көр­се­тіл­меген. Алайда Аргаяш стан­сасы «Маяк» ядролық сы­нақ ай­мағынан 30 шақырым қа­шық­та ор­на­ласқан. Аталған ау­мақта тарихтағы ең зұлмат яд­ро­лық апаттардың бірі бол­ған-ды. Қазіргі таңда «Маяк» яд­­ро­­лық отын­ды қайта жаң­ғыр­туға арналған», дей­ді The Guardian басылымы.

Ресей «гринпис» өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Росатомға» өті­­ніш біл­дір­ген. Осыған орай жүр­гі­зіл­­­ген зерттеудің нәтижесінде ра­­дио­ак­­тивті изотоп елдің оң­­­түстігінен тара­лып, батыс Еу­­ро­паға дейін жеткені ай­ты­ла­ды.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»