Нұрсұлтан Назарбаев Елжан Біртановты қабылдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
24.11.2017 1779

Кездесу барысында Мемлекет басшысына денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жөнінде аралық есеп беріліп, министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы ақпарат ұсынылды.

Елбасы ауру-сырқаудың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтіп, салауатты ұлт қалыптастыру ісінде халықтың ерекше рөл атқаратынын айтты.

– Азаматтарымызды өздерінің денсаулықтарын нығайтуға тартуымыз қажет. Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді. Қалғанының бәрі тек өзіне байланысты болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселесіне тоқталып, қазақстандықтардың өмір сүруінің орташа ұзақтығын 80 жасқа дейін көтеру жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аударды.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Президентіне тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

– Барлық көрсеткіш бойынша ахуал тұрақты. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы көтерілуде. Ана өлімінің көрсеткіші төмендеп келеді. Бала өлімінің көрсеткіші де қатарынан бірнеше жыл бойы төмендеуде, – деді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі халықтың денсаулығын жақсарту бойынша министрліктің қабылдап жатқан шаралары жөнінде айтып, ауру-сырқау белгілерін бастапқы сатыда анықтаудың маңызды екенін атап өтті.

– Қазақстанда 2012 жылдан бастап тегін дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның тиімділігі өте жоғары. Бағдарлама аясында 2,5 миллионға жуық адам аурудың 50 түрі бойынша, соның ішінде күретамыр гипертониясы, қант диабеті және онкологиялық аурулар бойынша тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізіп отыр, – деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілетін алғашқы медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баяндады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу және фармацевтика саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Менің бағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, «СК-Фармация» компаниясының басшылығы және бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті алға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісіне тиісті бақылау орнатуды тапсырды.

Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаев Е.Біртановқа өзі басшылық ететін салаға дербес жауап беретінін ескертті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.05.2018

Атырауда таңғы жаттығуға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты

27.05.2018

Алматыда мемлекеттік күзет сарбаздары ант қабылдады

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу