Спорт • 25 Қараша, 2017

ҚР Тұңғыш президенті күніне орай Астанада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімдігінің медиа орталығы 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күніне орай, 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтетін спорттық іс-шараларды хабарлады.

ҚР Тұңғыш президенті күніне орай Астанада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

27 қарашада «Сарыарқа» велотрегінде 2019 жылы болатын әлем чемпионатына «Қазақстан-Ирак» арасында баскетболдан біліктілік турнирі өтеді.

27-29 қарашада «Дәулет» СК мерекенің құрметіне ҚР Жоғары басқолбасшысының кубогына арналған ерлер арасындағы қоян-қолтық ұрыс бойынша ІІІ республикалық ашық турнир өтеді.

27-30 қарашада «Толқын» СК 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Астана қалалық біріншілігі өтеді.

1 желтоқсанда шаңғыроллер тас жолында барлық шаңғышылар жарысқа жиналады.

1-3 желтоқсанда «Дәулет» СК теннистен ҚР чемпионатының VI ашық чемпионаты өтеді. 2-3 желтоқсанда – «Дәулет» спорткомбинатының жүлдесі бойынша теннистен балалар турнирі өтеді.

3 желтоқсанда «Барыс арена» мұз сарайында 2017-2018 «Барыс – Металлург Мг» КХЛ чемпионатының маусымы.