ЭКСПО аумағында Астанадағы ең үлкен мұз айдыны ашылды

ЭКСПО аумағында Астана қаласындағы ең үлкен ашық мұз айдыны ашылды. Жалпы  аумағы 4 000 шаршы метрді құрайтын мұз айдыны 700-ге дейін адам қабылдай алады.

Егемен Қазақстан
25.11.2017 16629

«Бұл мұз айдыны ЭКСПО аумағына арнайы жобаланған. Компания жобаны мемлекеттің қатысуынсыз өз қаражаты есебінен жүзеге асырды. Мұз айдыны көрме кезеңінде туристер арасында танымал болған екі «жалынды» субұрқақтарының арасында орналасқан. Мұз айдынының пішіні Нұр әлем павильонына бағытталған жебеге ұқсас. Оның қақ ортасында жарық бояуларының көмегімен ЭКСПО логотипі бейнеленген. Сондай-ақ, мұзайдынында кешкі уақытта жарқырайтын жарық жолдар төселген», - деді «MegaIce» компаниясының директоры Ерлан Үмбетов.

Арнайы тоңазытқыш жабдығының көмегімен мұз айды +10 градус және одан төмен температурада да жұмыс істей алады. Бұл конькимен сырғанау маусымын келесі жылдың сәуір айына дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Мұз айдынының сапасы жоғары болуы үшін мұз құятын машиналар қолданылады.

«MegaIce» компаниясының еншісінде әртүрлі өлшемдегі 1000 жұп жаңа коньки бар. Олар барлық келушілерге жалға беріледі. Мұз айдынында конькимен сырғанауды жаңа бастаған келушілерге жаттығу құрылғылары ұсынылады. Мұз үстінде тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты мамандар, нұсқаушылар болады. Келушілер үшін жеке заттарды сақтау орындары, киіну бөлмелері, сондай-ақ ыстық тамақ беру орындары қарастырылған.

«Жаңа мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналады. Бұл демалыс уақытын таза ауада өткізуге мүмкіндік береді», деді Ерлан Үмбетов.

Мұз айдынына кіру билетінің құны - 1000 теңге. Оқушылар мен зейнеткерлер үшін 50% жеңілдік қарастырылған. 6 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Билеттерді EXPO-2017 ресми сайтынан, билет операторының сайтынан және ЭКСПО аумағында орналасқан кассалардан сатып алуға болады. Мұз айдынының ашылуына орай, демалыс күндері Астана қаласының қонақтары мен тұрғындарына арналған 50% жеңілдік қарастырылған.

Мұз айдыны жұмыс күндері сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін (техникалық үзіліс: 16: 00-ден 18: 00-ге дейін), демалыс және мереке күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін (техникалық үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін) ашық.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу