Әлем • 25 Қараша, 2017

Сыртқы істер министрлігі Мысырдағы терактіге байланысты мәлімдеме жасады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мысырдағы терактіге байланысты мәлімдеме жасап, бейбіт халықтың өмірін қиған қылмыстық әрекеттің  қатаң айыптады.

Сыртқы істер министрлігі Мысырдағы терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде «Қазақстан 2017 жылғы 24 қарашада Мысырдың Бир әл-Абд қаласында әл-Рауда мешітіндегі жұма намаз кезінде орын алған және еш кінәсіз бейбіт халық арасында көптеген адамның өмірін қиғантеррористік актіні қатаң айыптайды. Әлем тағы да терроризм әрекетіне куә болды, оның ұйымдастырушылары мен сүйемелдеушілері анықталып, қатаң жазалануы тиіс» делінген.

Сыртқы істер министрлігі Мысыр үкіметіне, қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеген.

«Қазақстан терроризмнің кезкелген түрі мен сипатын айыптай отырып, осы жауыздық әрекетке қарсы күресу үшін БҰҰ аясында Ғаламдық контртеррористік коалиция құру арқылы әлем қауымдастығының ұжымдасып,батыл қимылдауын құптайды. Біз Халықаралық терроризм жөніндегі жалпыға ортақ конвенцияны жедел түрде қабылдауға шақырамыз», дейді СІМ.