Әлем • 27 Қараша, 2017

Британияның қарызы көбейді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания қазынашылығының басшысы Филип Хэммонд 2017 жылғы бюджет қаржысының жұмсалуы жөнінде есеп беріп, мемлекеттің алдағы уақытқа жоспарымен бөлісті. Келтірілген деректерге сүйенсек, корольдіктің даму қарқыны биыл бәсеңдеген.   

Британияның қарызы көбейді

Ұлттық статистика департаменті жүргізген зерттеуге сай, 2017 жыл­ғы қазанда мемлекеттің сала­ның қары­зы 500 миллиард фунтқа өсіп, сегіз миллиардқа жеткен. Сарапшылар елдегі тапшылық көлемінің ұлғаюын «Брекситпен» байланыстырады. The Guardian басылымы бюджет­тегі шығынның ұлғаюы туралы мәлі­меттің Ф.Хэммонд есебімен тұс­па-тұс келуі жағдайдың қызу талқы­лануына әкеліп соқты деп есептейді.

Алдағы жылдарға жасалған жос­пар бойынша, қазынашы­лық бірқатар өзгерісті жүзеге асырмақ. Мәселен, бос тұрған үйлерге салынатын салықты 100 па­йызға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ «Брекситті» аяқтау үшін мемлекет қазынасынан 3 миллиард фунт стерлинг бөлінеді. Ең төменгі жалақы мөлшері сағатына 7,83 фунт стерлингке көбейеді. Бұдан бөлек, жос­парда бірқатар жаңалықтар бар.

The Guardian газеті бюджетті жоспарлау кейбіреулерге тиімді, келесілер үшін қолайсыз болғанын айтады. Басылымның пікірінше, «Брекситті» жоспарлаушылар, үй сатып алушылар, мұғалімдер секілді бірқатар сала мамандары бюджет жос­парының қызығын көрмек. Есесіне үй салушы компаниялардың үлесі айтарлықтай азаймақ. Бюджет жос­парымен танысып шыққан BBC арнасы алдағы бірнеше жылда Ұлы­бри­та­ния халқы үшін өмір сүру дең­­гейі төмендейтінін айтып отыр. Өйтке­ні жаңа жобаға сай елдегі даму қар­қы­ны алдағы 5 жылда 2 пайыздан аспайды.

Шолуды әзірлеген 
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»