Президент • 27 Қараша, 2017

Елбасы Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.