Кәсіпқой бокс: Америкалық танымал бапкер Фредди Роуч қазақ боксшысын жаттықтырмақ ниетте

Кәсіпқой бокс тарихындағы ең танымал бапкерлердің бірі саналатын америкалық Фредди Роуч шымкенттік боксшы Мейіржан Піртаевты жаттықтырмақ ниетте. АҚШ-қа жуырда ғана қоныс аударған қазақ баласы Роучпен келісімге келсе, келер жылдың көктемінде кәсіқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетінін айтты.

Егемен Қазақстан
27.11.2017 4707

Фредди Роучты бокссүйер қауым өте жақсы таниды. Оны көпшілікке таныстырып жатудың өзі артық. Дегенмен, атақты бапкер кімдерді жаттықтырғанына бір көз жүгіртіп көрсек. Тізім әйгілі Майк Тайсоннан басталады. Бұл тізімде сондай-ақ, түрлі салмақтардағы әлем чемпиондары: Мэнни Пакьяо, Мигель Котто, Владимир Кличко, Бернард Хопкинс, Амир Хан, Гильермо Ригондо, Джеймс Тони, Дэниел Джейкобс, Жан Паскаль, Оскар Де Ла Хойя, кіші Хулио Сезар Чавестер бар.

Ол сондай-ақ, 7 рет «Жыл бапкері» деген атаққа ие болған.

Мейіржан Піртаев жастар арасында Қазақстан чемпионы және республикалық спартакиаданың жеңімпазы. Ол ересектер арасында да көптеген халықаралық турнирлердің жеңіп алған. Ұлттық құраманың сапында ірі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғады.

Мейіржанның айтуынша, оны кәсіпқой боксқа осымен екінші рет шақырыпты. Екеуінде де Америка Құрама штаттарына. Екінші шақыртудан бас тарта алмадым дейді  ол.

«Ең алғаш рет қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрхан Сүлейман ағамыздың көзіне түстім. АҚШ-та кәсіпқой бокспен шұғылданған Нұрхан ағамыз Шымкентте өткен жарыстардың біріне қонақ болып келіп, менің жекпе-жегімді тамашалаған болатын. Ол кезде жастар арасында жүрген кезім. «Кәсіпқой боксқа ауысуың керек, менімен Америкаға жүр, жұлдыз боласың» деді. Тым жас болғандықтан өздігіммен шешім қабылдай алмадым, ата-анаммен ақылдастым. Ол кісілер алыс елге жібергісі келген жоқ, содан қалып қойдым», - дейді М.Піртаев.

Талантты боксшы әйгілі Фредди Роучтың көзіне қалай түскенін де айтып берді.

«Шынын айту керек, жасым отызға жақындап қалды, Ұлттық құрамаға ілінгеніммен Әлем чемпионаттарына, Олимпиадаға бара алмадым. Кезінде кәсіпқой боксқа кетпегенім үшін де өкініп жүргенмін. Осы сәтте АҚШ-та кәсіпқой бокспен айналысып жүрген достарым хабарласып, жедел келуімді сұрады. Ойланып-толғанған жоқпын, сөмкемді жинап кетіп қалдым. Жаттығу залына алып барды, бірнеше бапкерге көрсетті, спарринг өткіздік. Сол сәтте жекпе-жектерімді Фредди Роуч та сырттай тамашалаған екен. Дереу шақыртып алып, жөнімді сұрады. Жақынырақ танысқаннан кейін келісімшартын ұсынды. Қазір осы келісімшартты талқылап жатырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, Фредди Роуч бұған дейін бірде-бір қазақ боксшысымен жұмыс істеспеген.

С.Абайұлы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

25.05.2018

Ақтөбе облысында 16 мың бала лагерьлерде тегін демалады

25.05.2018

Оңтүстікте биыл 33766 оқушы мектеп бітірді

25.05.2018

Семейдегі интернат тәрбиеленушілері «Отанымыз – Кеңес Одағы, астанамыз – Мәскеу» деп жазылған оқулықтармен оқып жатыр

25.05.2018

Ақтөбеде «Кемел кәсіпкер» чемпионаты өтті

25.05.2018

Маңғыстаулық полицей-палуан Қызылжарда топ жарды

25.05.2018

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚХА кафедрасы ашылды

25.05.2018

Андрес Иньеста Жапонияда ойнайтын болды

25.05.2018

Ақтөбеде «Бақытты бала» атты балалар байқауы өтеді

25.05.2018

Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды

25.05.2018

KADEX - әскери ынтымақтастық көрмесі

25.05.2018

Ақмола облысында егіншілік поли­го­ны жұмыс істей бас­тады

25.05.2018

Блум таксономиясы туралы не білеміз?

25.05.2018

Атырау об­лысында «Астана қаласының мәдениет күндері» өтті

25.05.2018

Павлодарда студенттер «Адамжүсіп» пьесасын сахналады

25.05.2018

Талас Омарбек - тәуелсіздік түлеткен тарихшы

25.05.2018

Қарағандыда ақын Ғалым Жайлыбайдың кеші өтті

25.05.2018

Қош бол, Анук!

25.05.2018

Талбесігің тәрк етілсе...

25.05.2018

Ғасыр бойы күткен жол. Бөкейорданың жол мәселесіне Елбасы қозғау салды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу