Қазақстан • 27 Қараша, 2017

«100 жаңа есімге» кіретіндер Елбасымен кездеседі – Абаев

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі» тақырыбында өтіп жатқан xалықаралық конференцияға қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «100 жаңа есім» жобасының бірінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеп, жаңа жобаға кіргендердің Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетінін айтты. 

«100 жаңа есімге» кіретіндер Елбасымен кездеседі – Абаев

Ел үшін аянбай еңбек етіп жатқан елеулі есімдердің қатарына жаңадан қосылып жатқан әрбір тұлғаның ерекше жандар екенін жеткізген министр олардың жаңа көзқарасты, жаңаша ойлауды қалыптастыратынына сенімді екенін айтты.

 «100 жаңа есімнің» бірінші кезеңі аяқталды. Біз 102 адамды іріктеп алдық. Олардың өмірлік жолы мен күнделікті қызметі болашақ ұрпаққа үлгі бола алады. Жылдың аяғына дейін «100 жаңа есімге» кіретіндердің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», деді министр Д.Абаев.

Айта кетейік, елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі» тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция өтіп жатыр. Мәжіліске Ресей, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа ұзын саны он бес елдің делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді.

Соңғы жаңалықтар