Президент • 28 Қараша, 2017

Мемлекет басшысының атына Семей қаласының оқытушылары мен студенттерінен хат келіп түсті

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының атына Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінен хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының атына Семей қаласының оқытушылары мен студенттерінен хат келіп түсті

Хат иелері: «Биылғы оқу жылы­ның басында бір топ студенттер мен оқытушылар Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына бардық. Әлем­дік тұлға тарихының сырсан­дығын ашып, ғажайып әлем­ге енгендей болдық. Сол сапар­дың әсерімен Сізге осы хатты жол­дап отырмыз», – деп жазған.  

Студент жастар Қазақстан Прези­ден­тінің елорданы Астанаға көшіру жөніндегі идеясының ақталғанына ерек­ше тоқталып, сол қадам үшін кеу­делерін мақтаныш сезімі кернейтінін атап өткен.

Осы орайда олар: «Есіңізде ме?.. 1997 жылдар... күні кеше тәуел­сіз­дігіміздің тұмарына айналған Аста­на­ның көші ел көңілін алай-дүлей етіп еді... Сол мезетте ел ертеңі үшін То­лағайдай арқаңызға арт­қан ауыр жүктің салмағын біз, бәлки, сөзбен бере алмас­пыз. Бірақ, сезінеміз! Ыз­ғар­лы Са­рыарқаның үскірігінен имен­бей, сардалаға көш баста­ған Сіз де, Сіз­ге сенім артып көш жалғаған Ел де жү­ректі екен. «Ел жүрегі жер орта­сын­да болуы керек» деген ха­лық нақылын енді ғана түсін­ген­дейміз», – деп жазған.

Сондай-ақ Шәкәрім атын­дағы уни­вер­ситеттің оқытушы­лары мен студенттері қазақ тілін латын қарпіне негізделген әліп­биге көшіру туралы ше­шімге қолдау білдіретіндерін айтқан. Бұған қатысты семей­лік­тер: «Жарлығыңыз жастарға жан қуантар сый болды. Біз күні ертең латын графикасы хал­қы­мыздың өмірінің бір бөлшегіне айналатынына кәміл сенеміз. Ақылманы мейірімді болған жұр­тымыздың Атақазағы өзіңізсіз!», – деп атап өтілген.

Ыстық лебізін хатпен жол­да­ған­дар: Семей қаласының Шәкә­рім атындағы мемлекеттік уни­вер­си­те­ті­нің оқытушылары Қ.Әубәкірова жә­не А.Жүндібаева, студенттері А.Қа­дыр­­баева, Б.Серіктай, Г.Құралбе­кова, Р.Бейсембекова, А.Смағұлов, Д.Жол­ды­балинов, Е.Омарғали, Ә.Әбдешова, А.Кен­жеғажиева, И.Түспекова, К.Ақпа­рова, Е.Қалдыбаев, Н.Бейсем­баева, Т.Ақпаршаих, Д.Тұрға­лиева, А.Мақ­сұтбек, Р.Өмірбаев, А.Жеңіс­қазин, Г.Жакина, Е.Құрманғажы, Е.Жас­баев, А.Калинкин, А.Өмірбаева, М.Қа­йырбеков және М.Урдашева.