Теннис • 28 Қараша, 2017

Түркияда жеңімпаз атанды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші қыздар Түркияда өткен жарыста жеңімпаз атанды. 

Түркияда жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас теннисші қыздар Әдел Малғонысова мен София Баранова Tennis Europe Koza WOS Cup турнирінің жеңімпаздары атанды. Жұптасу бәсекесінде отандастарымыз финалдық ойында жергілікті спортшылардан басым түсті. Биллур Гонлусен мен Айсегүл Мерт жұбы қазақстандық қыздарға шамасы жетпеді. Қорытынды есеп 6:2, 6:4.  

Стамбұлда өткен жарысқа 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысты. Әлемнің 30 елінен келген 200-ге жуық спортшының арасынан жеңімпаз атанған қазақстандық қыздар Алматыдағы "Қазақмыс" теннис клубында жаттығады.