Президент • 30 Қараша, 2017

Алматыда Назарбаевтың атына көше берілді

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертілді, деп хабарлайды egemen.kz.

Алматыда Назарбаевтың атына көше берілді

Бұндай шешімді тұрғындардың өтініші бойынша VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының сессиясында ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия мен қалалық ономастикалық комиссия қабылдады. 

Сессия кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек ономастикалық комиссия қарауына Фурманов көшесінің атауын Назарбаев даңғылы етіп өзгерту туралы өтініш көп түскенін айтты. Сондай-ақ, комиссия атауы қайталанатын 112 көшені өзгерту туралы ұсыныстарды да қарады.

«2018 жыллы Астананың 20 жылдығын тойлаймыз. Бүгінгі күні Елбасының сол кездегі Астананы көшіру туралы шешімінің қаншалықты дана шешім болғанын түсінуге болады. Бұл шешімнің маңыздылығы экономикалық реформалармен бірге одан сайын арта түсті.   Ол Еуразия жүрегіне айналған Астананың дамуына ғана емес, Алматының өркендеуіне да тың серпін берді. Елбасының  қолдауының арқасында жүргізілген жүйелі экономикалық реформалардың нәтижесінде қала экономикасы 100 есе, ШОБ субьектілері саны 130 есе артты. 1990 жылдардың басында Алматы ЖІӨ-нің 1/9 бөлігін қамтамасыз ететін. Ал қазір бұл көрсеткіш 1/5-ке жетті. Бүгінде Алматы – аймақтық магнит, Орта Азияның ірі қалаларының бірі», - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі Мемлекет басшысы Алматы қаласында Конституция, Ұлттық валюта, Қарулы күш жасағын құру, мемлекеттік рәміздерді бекіту, Семей полигонын жабу сияқты талайлаған тарихи шешімдерді қабылдағанын айтып, бұл ұсыныстың жайдан жай жасалмағанын айтты. 

«Елбасы абыройының арқасында Қазақстан халықаралық дағдарыстарды шешуде басты рөл атқаратын елге, сенімді серіктеске айналды. Ол кісі әлемдік дәрежедегі ядролық қарудан бас тартуға ұсыныс жасаған, әлемді ядролық қарудан арылтуға үлес қосқан бірден-бір тұлға. Мен әріптестерімнің пікіріне қосыламын. Бүгінгі Фурманов көшесінің атауын беру туралы шешім дер кезінде әрі дұрыс қабылданған шешім», - деді әкім.

Айта кетейік, елімізде тұңғыш рет Елбасы атына көше берліп отыр. Ал өзге мемлекеттерде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімі алғаш рет 10 жыл бұрын Иордан корольдігінің Амман қаласында және Шешен Республикасының Грозный қаласындағы көшеге берілген болатын. Елбасы атындағы көшелер Түркиядағы бірнеше қалада және Татарстандағы Қазан қаласында да бар.