Президент • 30 Қараша, 2017

Елбасының Беларусь Республикасына сапарының бейнеролигі шықты

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Александр Лукашенкомен өткізген екіжақты кездесулерінің қорытындысы бойынша бейнероликті жариялады. 

Елбасының Беларусь Республикасына сапарының бейнеролигі шықты

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына барды. Минскіде Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті және ресми сапар аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лу­ка­шенко Қазақстан мен Беларусь арасын­дағы әлеу­меттік-экономикалық ынты­мақ­тас­тық туралы шарт пен 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасын бекіткен болатын. Сондай-ақ, бұл күні Қазақ­стан-Беларусь бизнес-форумы өтіп, оған екі мемлекеттен 350-ге жуық биз­­нес өкілі қатысты.

Екі күнге жоспарланған сапар аясында Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысады.