Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясы басталды

Минск қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды. 

Егемен Қазақстан
30.11.2017 4693
2

Кеңестің мерейтойлық сессиясына Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттері қатысуда. Саммитте аталған мемлекеттер басшылары ұйым жұмысы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері талқыланады. Сессия соңында мерейтойлық Декларация қабылданып, Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға дейінгі нақты шаралар жоспары жасалады деп күтілуде.

Бір айта кетерлігі, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы - халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті арттыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылы 15 мамырда құрылған халықаралық ұйым. Оған мүше мемлекеттер арасында Қазақстаннан басқа Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері бар. Бұл республикалар арасында мемлекетаралық келісім - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт жұмыс істейді. Келісім бес жыл сайын ұзартылып отырады.

 Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер мемлекетаралық қатынастарда күш қолданбауға, әскери одақтарға немесе қандай да болмасын басқа топтастықтарға, сонымен қатар қатысушы мемлекеттердің басқаларға бағытталған әрекеттеріне қатыспауға міндеттеме алған. Бір немесе бірнеше қатысушы мемлекеттің аумақтық тұтастығына және тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, басқалары бірлескен кеңес арқылы жұмыс істейтін болады. 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің жоғары саяси органы — Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Оның құрамына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер басшылары, сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бас хатшысы кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына барды. Жұмыс сапары аясында ол Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөздерден кейін Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкомен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Елбасының Беларусь мемлекетіне ресми сапары аясында Минск қаласында Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтіп, арнайы көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар бүгін Минск қаласында Елбасы Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесіп, шекарадағы жағдайды талқылады. Ал бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысады деп күтілуде. 

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,

"Егемен Қазақстан"

Минск (Беларусь)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2019

Мәдениет үйінің басшысы мәдениетсіз бе?

20.03.2019

Бәріміздің бойымызда қимастық сезім бар

20.03.2019

Біз Президентпен біргеміз

20.03.2019

Геннадий Головкин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

20.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банктің макроэкономикалық саясатты жалғастырылады

20.03.2019

«Ұшқынның» редакторы Тамимдар Сафиев

20.03.2019

Мың алғыс Сізге, Тұңғыш Президент!

20.03.2019

Халық жүрегіне жол тапқан

20.03.2019

Ұлт өнерін ұлықтады

20.03.2019

Димаш Құдайберген: Елбасы жолы елімізді жарқын болашаққа апарады

20.03.2019

Су тасқынына дайындықты пысықтады

20.03.2019

Ақмола облысының активіне таныстырды

20.03.2019

Мемлекетіміздің мерейін өсірді

20.03.2019

Берекелі биіктерге бастады

20.03.2019

Туған халқына қызмет ете береді деп сенеміз

20.03.2019

Әлеумет қамына – айрықша назар

20.03.2019

Ел еңсесін биіктетті

20.03.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының Үндеуі

20.03.2019

Мәулен Әшімбаев: Тарихи сәтте халқымыз бірлік пен ынтымақта болуы тиіс

20.03.2019

Қаныбек Иманәлиев: Мемлекеттің келешегін ойлады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу