Нұр жауған қыстау (эссе)

1991 жылдың ерте көктемі еді.

Егемен Қазақстан
01.12.2017 5898
2

Қазығұрт  тауының бөктеріндегі асу-асу белдерде алағат-алағат қар жатқан болатын. Таң-азанда тынысың­ды буып, танауыңнан шымшылайтын шыңылтыр аяз бірте-бірте уысын жазып, Өгем шыңдарының ар жағынан жар­қырап көрінген күнмен бірге күлімсіреп, беткей-беткейдегі күмістей жылтыраған көгалдың беті жіпси бастайды.

Күре жолдың бойынан көз салсаңыз сонадайдан қарауытып көрінетін Тұғыртас қыстауындағы Нәби қойшы­ның үйіне сол күні Елбасымыз бастаған бір топ лауазымды қонақтар келді.

Оңтүстік өңіріндегі шаруашы­лықтарды арнайы жұмыс сапарымен аралаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қыста туылған жас қозы­лардың маңы­раған үнін тыңдап, күлімсіреп тұрып: «Нәке, сен бақытты екенсің. Мынау нағыз береке ғой, – деді шопанға. – Ал өзің қай жылдың төлі боласың?»
Кеңестік дәуірде кеңшардың мал дәрігері болған, содан соң, бір отар қойды жекеменшігіне алып, өз алдына бөлініп шыққан Нәби Шілманов:

– 1940 жылғымын, – деп жымиды.

– Онда құрдас екенбіз, – деді Елбасы.

– Иә, Сізбен түйдей құрдаспыз!

– Мал бағу – ата-бабамыздан келе жатқан кәсіп. Сондықтан шопанның шаруашылығы қандай екенін бір көргеннен-ақ біле қоятын қазақпыз. Ал енді, бізге көрінбей тұрған қандай мәселелер бар, құрдас?

– Құдайға шүкір, шаруашылық­тың тізгіні өз қолымызда. Ендігі көрген бейнет те, зейнет те – бәрі өзіміздікі бола­ды емес пе.

Осы сәтте Елбасының назары қора­дан шеттеу тұрған шап-шағын үйге түсті. Ол өзі жап-жаңа құрылыс, сол кездегі кеңшардың әрбір қыстауға жеке-жеке арнап салған моншасы еді.

– Бұл бізге өте жақсы болды, – деді Нәби шопан ағынан жарылып. – Бұрын орталыққа қайта-қайта шапқылап жүруші ек.

Елбасы ақырын ғана басын шұлғып, құрдасының сөзін қоштады да: 

– Үй иесінен рұқсат болса, анау қозы­лар маңырап тұрған қораны көрейік, – деді.

Шіркін, жылы қорада ойнақтап, секіріп жүрген жас төлдің жамыраған үні көңілді бір марқайтып тастайды емес пе. Құрметті қонақтар шопанның қора-жайын көріп, мал шаруашылығындағы өзекті мәселелерді кеңесіп, енді қайтуға жиналған кезде Нәбидің жұбайы ағасының құлағына сыбырлап, бір өтініш білдіріп жатты.

Содан соң Елбасымыз:

– Иә, құрдас, бізге айтатын қандай бұйымтайың бар? – дегенде аздап қысылыңқырап қалып:

– Біздің үйдегі замандасыңыз: «Сізбен бірге суретке түссек, өте бір қымбат естелік болып қалар еді-ау!» деп жатыр, – деді.

– Олай болса, түсейік суретке.

Осы кезде Нәби шопанның зайыбы:

– Онда мен жаңа пәлтөмді киіп келейін, – деп үйіне қарай жүгіре жөнелді.

Қонақтар көңілденіп, біз де Елбасы­мен бірге суретке түсеміз дегендей галстуктерін түзеп, әзірлене бастады.

Бұл кезде түс ауып, көлеңке басы ұзарып қалған-ды. Елбасы сағат үште облыстың жетекші мамандарымен кездеседі екен. Міне, осыны ойлап, асыға бастаған сол кездегі Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, халық депутаттары кеңесінің төрағасы С.Терещенко қайта-қайта қолындағы сағатына қарай берді.

Бірақ жаңа пальтомды киемін де шығамын деген Нәби шопанның зайыбы біраз бөгелді. Әйел адамның жаңа пальтосын киген соң, жаңа орамалын да іздейтін әдеті бар екенін қонақтар әрине, іштей жақсы біліп тұр.

 Әйтсе де: 

– Нұрсұлтан Әбішұлы, облыс орталығында болатын жиналыстың уақыты жақындап келеді, – дейді С.Терещенко сағатына қарап.

– Бәрі де сәтімен болады, – деп Елбасы қонақтарды сабырға шақы­рып, Нәби құрдасына қарады. – Заманда­сымызды күтейік.

Осы кезде Елбасының құрдасы жы­миып, өзіне өзі шағым айтқандай болып:

– Нұреке, жалғыз әйел болған соң осы екен ғой, – деп елді ду күлдір­ді. Ел­ба­сы да езу тартып, шопан құрда­сы­ның иығынан ақырын ғана қағып: 

– Шыныңды айтқаныңа рақмет, – деп күлімсіреді.

Сол сәтте үйден жаңа пальтосын киіп, жаңа орамалын тағып Нәби шо­пан­ның зайыбы да асыға басып шығып келе жатты.

Ел егемендігін алған жылы түскен осы бір сурет біздің көңілімізге өте ыстық әрі қымбат естелік болып қалды.

Кей күндері күре жолдың бойымен кетіп бара жатып Тастұғырдағы қыстау жаққа қимастықпен қараймын. Оның үстінен нұр жауып тұрғандай боп көрінеді.

Балтақара ОРАЗОВ,
зейнеткер, Қазығұрт ауданының құрметті азаматы
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Асықтан төсеніш пен ойыншықтар жасайды

17.01.2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

17.01.2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу