Президент • 01 Желтоқсан, 2017

Өзбекстан Президенті Елбасыға зор денсаулық пен амандық тіледі

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Өзбекстан Президенті Елбасыға зор денсаулық пен амандық тіледі

Әңгіме барысында Өзбекстан көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен амандық, жаңа табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтар Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды бағыттар бойынша серіктестігінің жемісті болуының кепіліне, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтудың және өзара іс-қимылды арттырудың маңызды факторына айналғанын ерекше атап өтті.