Маңғыстауда төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Маңғыстау облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні мересіне орай әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ашылды. Ел игіліне берілген жаңа ғимараттың бірі Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылындағы 100 орындық «Күншуақ» балабақшасы. Тәрбие ошағы Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Азаматтық бастамалар картасы» базалық жобасы аясында салынған.

Егемен Қазақстан
02.12.2017 16428

Жалпы сомасы 406 млн. теңгені құрайтын жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. «Еліміздің бірлігінен асқан аса қадірлі ұғым жоқ. Қазақстанның өсуі де, өнуі де бірлік пен елдіктің арқасы. Соның арқасында экономика көтерілді. Бір аудан бойынша балабақша мәселесін толық шешуге жағдай жасалып жатыр. Осындай балабақшамен 98 пайыз деңгейде қамтамасыз етуге жеткелі отырмыз. Яғни, кішкентай бүлдіршіндерге жақсы жағдай жасай алсақ, соның бәрі тәуелсіз Қазақстанның жаңа мүмкіндігі болмақ»-, деді сөз алған аймақ басшысы.  Салтанатты рәсімнен кейін Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарымен кездесіп, Маңғыстауда жүргізіліп жатқан маңызды стратегиялық жобаларды талқылап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтып берді. Ал, ақсақалдар қауымы  өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Айтулы мереке қарсаңында алты алашқа тарту ретінде есік ашқан тағы бір нысан Ақшұқыр ауылындағы Ер Қосай Құдайке атындағы спорт кешені. Спорт ғимаратының жалпы аумағы 400 га жерді алып жатыр. Мұнда бір мезетте 400 адам жаттығуға жағдай жасалған. «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкерлердің өз қаражатымен салынған спорт кешенінің құрылысына 65 млн теңге жұмсалды.

Сондай-ақ, Ақшұқыр ауылында «Жоламан» медициналық орталығы салтанатты түрде ел пайдасына берілді.  Емхана жүрек, қан-тамыр,тіс, көз, құлақ, мұрын тағы басқа  ауруларды қарайтын аппараттармен толық жабдықталған. Орталықтың 1 мезетте 15 адамды қарауға мүмкіндігі мол. Шағын ғана ауылымыз үшін бұл үлкен орталық дейді, тұрғындар. Маңғыстауда жылына 20 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Сондықтан қазіргі таңда ата-аналар үшін ең керекті нысан – балабақша. Болашақта облыста  бөбекжай жетіспеушілігін толық жоюға мүмкіндік жасалуда. Аймақ басшысы бүлдіршін тәрбиелейтін тағы бір білім ошағының салтанатты ашылуына қатысып, Ақшұқыр тұрғындарының қуанышына ортақтасты.  140 балаға шақталған «Алма» балабақшасына жеке кәсіпкер 640 млн теңге жұмсаған. 30-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Айта кетейік, бұл ауылдағы кәсіпкерлердің қаражатына салынған 7-ші балабақша.

Ашылу салтанаты айтулы мерекеге тұспа-тұс келген және бір нысан Ақшұқыр ауылында жаңа мешіт. Жергілікті кәсіпкерлердің қаражатымен бой көтерген құлшылық үйі бүгін, яғни жұма күні пайдалануға берілді. Бірлік пен ынтымақтың, имандылық пен бауырмалдықтың рухани қайнар көзі, мұсылманды бір жерге тоғыстыратын, зор мәні бар рухани орталықтың ашылуына ауыл тұрғындары түгел жиналды. Мешітте 1 мезетте 500 адам құлшылық ете алады. Құрылысқа халықтан және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен жиналған 50 млн теңге жұмсалыпты. Шарада сөз алған Ералы Тоғжанов: «Діннің тазалығы – елдің тазалығы. Елдің тазалығы – халықтың рухының биіктігі, осының арқасында қазақ елі де, халқы да бір бола алады. Басқа бағытқа кеткен елдердің жағдайы бәріңізге мәлім. Еліміздегі бірлік пен бейбітшілікті мақтан тұтайық және соған берік болайық. Имандылыққа бастаған ниетпен жиналдыңыздар. Тойымыз құтты болсын!» ,-деп өз лебізін жеткізді.

«Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС ауыл халқын жұмыспен қамтып, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосып отырған шаруашылық. Кәсіпорын түйе, жылқы, қой өсірумен айналысады. Тауарлы мал өнімдерін өндіріп, халыққа тұтынуға шығарады. Серіктестік қарамағында шұбат шығаратын цех; жүн өңдеу цехы; мал сою алаңы; наубайхана; бау-бақша; қарабалық аулау шаруашылығы; сусындар шығаратын цех бар. Қазіргі таңда 2000 бас түйе, 200 жылқы, 1000 бас қой өсірілуде. Кәсіпорынның жетістігі сол – елімізде «асыл тұқымды қазақтың қос өркешті айыр түйесін өсіретін шаруашылық» және «асыл тұқымды қазақтың адай жылқысын өсіретін шаруашылық» мәртебесін иеленген. Кәсіпорында 120 адам жұмыс жасайды. Ералы Тоғжанов жұмысшылармен кездесіп, шаруашылықтың ұжымына табыс пен еңбектеріне жеміс тіледі, деп хабарлады редакция тілшісіне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Суретке түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2017

Қостанайдың Жітіқара ауданында заманауи астық сақтау  қоймасы ашылды

14.12.2017

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

14.12.2017

Студенттер «ақылды үйде» тұрады

14.12.2017

Болашақ журналистер «Егемен Қазақстанда» қонақта болды

14.12.2017

Келіншектің баласы (баллада)

14.12.2017

Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті

14.12.2017

Қостанай облысында шалғай ауылға су құбыры тартылды

14.12.2017

«Алаш жолы» атты кітап жарық көрді

14.12.2017

Қостанай облысында екі бірдей елді мекенге көгілдір отын келді

14.12.2017

Тәуелсіздікке тарту: Созақта жаңа 6 нысан пайдалануға берілді

14.12.2017

Сенат комитеті Кеден кодексінің жобасын қарады

14.12.2017

Халифа Алтайдың жары өмірден өтті

14.12.2017

Меморандум мақсатына жете алмады

14.12.2017

Тележурналист, майталман дубляжшы, режиссер Әсемғазы Қапанұлы қайтыс болды

14.12.2017

Валерий Карпин Павлодарға келді

14.12.2017

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті

14.12.2017

Түпқараған ауданының ахуалы айтылды

14.12.2017

Марат бастамашы болған марафон

14.12.2017

«Қансонар» қанат жайып келеді

14.12.2017

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Елуден кейінгі өмір

Қазіргі қоғамымызда қызықты өзгерістер жүріп жатыр. Соның бір­азы адам жасына да қатысты.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Билер соты

Ұлы Дала өркениеті тарихында Билер сотының құқықтық, саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени, рухани-дүниетанымдық, ұлттық-халықтық, философиялық құн­дылықтары айрықша. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу