Президент • 06 Желтоқсан, 2017

Мемлекет басшысы «Астана» қаржы орталығы төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы «Астана» қаржы орталығы төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстан Президентінің тиісті өкімімен «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы болып тағайындалған лорд Гарри Кеннет Вульфтің ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Рәсім соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы мен судьяларына халықаралық қаржы орталығының қызметіне әлемдік қоғамдастықтың сенімін арттырудың маңызды екенін айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз соты 2018 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді.

***

Лорд Гарри Кеннет Вульф қаржы құқығы саласындағы халықаралық төреші әрі медиатр болып табылады. Ол Англияның, Уэльстің, Катар мен Гонконгтың сот жүйелерінде жұмыс істеп, кәсіби мол тәжірибе жинақтаған.

Соңғы жаңалықтар