Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. 

Егемен Қазақстан
06.12.2017 3084
2

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) «Қазақстандық іргелі ғылымды әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығаруға икемдеуші нақты ғаламның қасиеттерін сипаттайтын гравитация теориясын дамыту» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, университет жанындағы  «Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Рәтбай Мырзақұловқа;

2) «Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстандағы кенттену (Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының зерттеу материалдары негізінде)» тақырыбындағы жұмысы  үшін:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының урбанизация және номадизм бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – Карл Молдахметұлы Байпақовқа;

3) «Болат өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыр темірлі) және техногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлеу және оларды коммерцияландыру» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, болат металлургиясы және материалтану зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты – Әбілқасым Балқияұлы Ахметовке;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директоры – Вадим Борисович Басинге;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының кеңесшісі – Михаил Федорович Витущенкоға;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының кендерді байыту зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – Айдархан Ахуанұлы Мұхтарға;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы – Альберт Павлович Рауға;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана филиалының директоры, техника ғылымдарының докторы – Баймахан Нұрлыбайұлы Сәтбаевқа;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары – Владимир Иванович Яблонскийге;

4) «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Валерий Васильевич Бенберинге;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы – Әмір Амантайұлы Әхетовке;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Александр Евгеньевич Гуляевке;

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділовке;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы – Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинге;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;

«Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға берілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                                 Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 28 қараша

              

                       № 592

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық салаларында 4-5 пайыз өсім бар

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

19 қаңтарда Оралда 14 ойықта суға түседі

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді

17.01.2019

Жаңадан ашылған ауданға жастар оралып жатыр

17.01.2019

«Егемен» жазған мақала сенатор сауалына арқау болды

17.01.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті

17.01.2019

113 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты - Қ.Өскенбаев 

17.01.2019

Шымбұлақта фристайлдан әлем кубогі өтеді

17.01.2019

Атырау облысында екпе алмаған балалар қызылшаға шалдығып жатыр

17.01.2019

Алматыдағы Баум тоғайы түрлене түспек

17.01.2019

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

17.01.2019

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

17.01.2019

Қазақстандық теннисшілер жұбы екінші кезеңге шықты

17.01.2019

Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

17.01.2019

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы әлемдік сынның финалына өтті

17.01.2019

Батыс Қазақстан ТЖД 17 күнде 43 SMS-хабарлама таратты

17.01.2019

 Қостанайда 867 үкіметтік емес ұйымның 586-ы жұмыс істейді

17.01.2019

ТҮҚЖБ-ның әр төртінші заемы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген

17.01.2019

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу