Әлем • 06 Желтоқсан, 2017

Путин 2018 жылғы президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы сайлауға қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Путин 2018 жылғы президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

ГАЗ зауытының жұмысшыларымен жəне ардагерлерімен кездесу барысында Владимир Путин: "Мен Ресей Федерациясының президентіне кандидатурамды ұсынамын", - деді. РИА Новости бұл сөзді естіген залдағы халықтың қошемет білдіргенін жазды.  "Ниеттеріңізге рахмет, бастысы еңбектеріңізге рахмет. Ісімізге, кәсіпорнымызға, қаламызға, елімізге деген қарым-қатынастарыңызға алғыс. Қолымыздан келеді, сенімдімін", - деді РФ президенті Владимир Путин. 

Естеріңізге сала кетсек, Путин алғаш рет РФ президенті болып 2000 жылы сайланды. 2004 жылы қайта сайланып, 2008-2012 жылдар аралығында үкімет төрағасы болды. 2012 жылы қайта президент қызметіне келді.