Футбол • 06 Желтоқсан, 2017

Роман Мұртазаев, «Астана» командасының ойыншысы: Біз тек жеңіс үшін тер төгеміз

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Славия» - «Астана» командалары арасындағы ойын алдында қазақстандық команданың футболшысы баспасөз мәслихатында ойын жайлы өз ойын айтты.

Роман Мұртазаев, «Астана» командасының ойыншысы: Біз тек жеңіс үшін тер төгеміз

- Қарсыласты зерттеп білдік. Әр ойыншы өзінің жұмысын жақсы біледі. Алдымызда тұрған мақсатты орындауға ұмтылатын боламыз.

- 5 қарашадан бері небәрі 2 ғана ойын өткіздіңіздер. Бұл кері әсерін тигізбей ме?

- Әрине, кішігірім кедергі боатын да шығар. Дегенмен, барлық футболшы өз бабында. Ойында болатын мүмкіндіктерді мүлт жібермесек болды. Басқасы екінші орында.

- Прага қаласы Сізге ұнады ма?

- Қала ұнады, алайда біз осы матчты жеңу үшін келдік. Бапкеріміз осы жерде апта бұрын жаттығу бастатты. Енді ойымыз үйге жеңіспен қайту.

- «Славияға» тең нәтиже жетеді. Сондықтан да, ертеңгі матчта сіздің командаңыз бірден шабуылға шыға ма?

- Жоқ, «Славия» шабуылдайды деп ойлаймын. Себебі, оларға тең нәтиже жеткілікті болғанымен, жергілікті жанкүйерлердің алдында шабуылға шығатыны анық.